Меню

Страницы

Статья

Алкоголь өнімдерінің айналымына лицензияның болуы, арақ бұйымдарына 2024 жылға литріне 2100 теңге мөлшерінде ең төмен бөлшек сауда бағалары және есеп-бақылау таңбалары жөнінде, алкоголь өнімдеріне ілеспе жүк құжаттардың болуы туралы

Бүгінгі күнге өздеріңіз куә болып отырғандай, 2024 жылдан бастап Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен Шымкент қаласының аумағында, алкоголь өнімдерінің айналымы саласында бақылау-профилактикалық іс-шаралар басталған. Бүгінгі күнге, Шымкент қаласы аумағында алкоголь өнімдерінің айналымы саласында кәсіпкерлікпен айналысып жатқан тұлғалар арасында бақылау-профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, жұмыстар атқарылуда. Бұл жұмыстардың мақсаты, Қазақстан Республикасының «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңының (әрі қарай – Заң) талаптарымен көрсетілгендей, алкоголь өнімдерін сатуға және сақтауға тиісті лицензиясының болуы, алкоголь өнімдерін сауда базарларының ғимараттарында және аумақтарында сатылуы, бақылау-профилактикалық іс-шаралар жұмыстары барысында тексерілетін болады.

Яғни, жоғарыда көрсетілген Заң талаптарына сай, алкоголь өнімдерін базар аумағында сатуға, ілеспе жүкқұжаттарынсыз тасымалдауға және сақтауға, алкоголь өнімдерін лицензиясыз сақтауға және сатуға, алкоголь өнімдеріне және темекі бұйымдарына күмәнді бақылау есеп маркілерімен айналымға шығаруға тыйым салынған.

Осыған сәйкес, Заңның және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің көрсетілген талаптары сақталмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (әрі қарай – ҚР ӘҚБтК) талаптарына сәйкес әкімшілік жазалар қарастырылған. Атап айтқанда, тиісті лицензиясыз алкоголь өнімдерін сату, айналымдағы алкоголь өнімдері тәркілене отырып, жеке тұлғаларға 15 АЕК (55380 теңге), жеке кәсіпкерлерге 25 АЕК (92300 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соқтырады, алкоголь өнімдерін ілеспе жүкқұжаттарынсыз тасымалдау және сақтау кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларға 50 АЕК-тен 200 АЕК аралығында айыппұл салуға әкеліп соқтырады.

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен, бүгінгі күнге 2024 жылдан бастап, жалпы Шымкент қаласының аумағында жоғарыда көрсетілген Заң талаптарының сақталуы бойынша бақылау-профилактикалық іс-шаралар жасалып, 262 тақырыптық тексерулер ұйымдастырылып, анықталған құқық бұзушылықтар негізінде 103 601 дана алкоголь өнімдері тәркіленіп алынып, атқарылған жұмыстардың арқасында, сотпен бүгінгі күнге құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік айыппұл салынып отыр. Осы жұмыстарға қосымша Қырғыз Республикасынан әкелінген, белгісіз акциздік маркі жапсырылған темекі бұйымдары анықталып, қортындысында 294 018 қорап темекі бұйымдары тәркіленді.   

Алдағы уақытта, осындай бақылау-профилактикалық іс-шаралар Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер органдарымен үнемі ұйымдастырылып, жүргізіліп отыратын болғандықтан кәсіпкерлік субъектілеріне және жалпы салық төлеушілерге Заң талаптарына сәйкес жұмыс жасалу қажеттігін түсіндіреміз.   

Дата публикации
20 ноября 2024
Дата обновления
20 ноября 2024
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Ақпарат
14 сентября 2026
ШАҒЫМДЫ ҚАБЫЛДАУ / ҚАРАУ ЖӘНЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ АЛГОРИТМІ
Статистика
15 июня 2026
2026 Ж. 8 АЙ ҚОРЫТЫНДЫСЫМЕН ЖОСПАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ (10.09.2026)
Бағыттар
15 июня 2026
Камералдық бақылау: салық төлеушілер үшін маңызды аспектілер

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы