Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы
Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 178-VII ҚРЗ. 1-бапқа өзгерістер 30.06.2025 жылы № 205-VIII енгізілді
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
11) соттан тыс банкроттық рәсімі – жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары және микрокредит беру туралы шарттар бойынша екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент – банкі филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің алдындағы міндеттемелерді тоқтату мақсатында борышкерге қатысты соттан тыс тәртіппен жүзеге асырылатын рәсім.
11) соттан тыс банкроттық рәсімі – екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың немесе коллекторлық агенттіктердің алдындағы міндеттемелерді тоқтату мақсатында борышкерге қатысты соттан тыс тәртіппен жүзеге асырылатын рәсім.