«Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы
1-тарау. Жалпы ережелер
- Осы «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң)
10 бабы 1)-тармақшасына сәйкес әзірленген және «Темекі өнімдерінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті
(бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсету тәртібін анықтайды.
- Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).