Қаржы Министрдің міндетін атқарушы 2020 жылғы 10 шілдесі № 665 бұйрығына 1-қосымша

«Жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қою»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы «Жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң)
    10 бабы 1)-тармақшасына сәйкес әзірленген және «Жеке практикамен айналысатын адам ретiнде тiркеу есебiне қою» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсету тәртібін анықтайды.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).
Дата публикации
23 декабря 2025