Бірыңғай жиынтық төлем (бұдан әрі – БЖТ) Қазақстанда бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың қызметін тіркеуді оңайлату мақсатында 01.01.2019 жылдан бастап енгізілді.
БЖТ төлеуші - жеке тұлғалар:
- жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайды;
- жеке тұлғалар үшін жұмыстарды, қызметтерді көрсетеді (орындайды);
- жеке қосалқы шаруашылықтарда жеке тұлғалардың тұтыну үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіреді.
Мысалы, БЖТ қолдану үшін қызмет түрлері:
- көлік (такси, жеке жүргізуші, тасымалдау және т. б.);
- біржолғы жалдамалы еңбек (тұрмыстық техниканы, сантехниканы және т. б. жөндеу);
- жеке практика (репетиторлар, бала күтушілер, күтушілер, сұлулық саласындағы қызметтер және т.б.);
- әртістер (тамада, музыкант және т. б.);
- бағдарламалар орнату (антивирус, ОЖ және т.б. орнату).
БЖТ төлеушінің шекті табысы
- күнтізбелік жыл ішінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын АЕК-тің 1175 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
БЖТ төлеушілер бола алмайды:
1) коммерциялық жылжымайтын мүлік объектілерінің, сондай-ақ сауда объектілерінің, оның ішінде меншік, жалдау, пайдалану, сенімгерлік басқару құқығындағы объектілердің аумағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалар;
2) тұрғынжайды қоспағанда, мүлікті мүліктік жалға (жалдауға) беретін тұлғалар;
3) жеке практикамен айналысатын адамдар;
4) қандастарды қоспағанда, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар;
5) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар.
БЖТ бөлу:
- жеке табыс салығы (10%);
- әлеуметтік аударымдар (МӘСҚ-ға 20%);
- зейнетақы аударымдары (БЖЗҚ - ға 30% );
- МӘМС аударымдары (ӘМСҚ-ға 40%).
БЖТ СОМАСЫ (2022ж.):
қалалар үшін: 1 АЕК- 3063 теңге.
ауылдыр үшін: 0,5 АЕК– 1532 теңге.
БЖТ қалай төлеуге болады:
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының шотына аудару;
- екінші деңгейдегі банктер арқылы төлеу;
- «Қазпошта» АҚ арқылы төлеу;
- E-SalyqAzamat мобильді қосымша арқылы төлеу.