01.01.2022 жылдан бастап Салық кодексіне мобильдік қосымшаны пайдалану арқылы арнайы салық режимі енгізілді ("E-SalygBusiness")

"E-SalygBusiness" мобильді қосымшасын салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат негізінде салық міндеттемелерін және әлеуметтік төлемдер бойынша міндеттемелерді орындаудың, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюдың, осындай тіркеу есебінен шығарудың оңайлатылған тәртібін қолдану мақсаттары үшін уәкілетті орган әзірлеген.

       Арнайы мобильді қосымшада арнайы мобильді қосымшаны пайдалана отырып, арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкер мен сатып алушы (клиент), жұмыстарды, қызметтерді алушы арасында есеп айырысуды жүзеге асыру фактісін растайтын құжат ретінде арнайы мобильді қосымшаның чегі қалыптастырылады.

    Арнайы мобильді қосымшаның чегінде келесі ақпарат бар:

      1) салық төлеушінің атауы;

      2) Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;

      3) арнайы мобильді қосымша чегінің реттік нөмірі;

      4) жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген тұлғаның (заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

           5) орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу күні мен уақыты;

      6)орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің құны (өлшем бірлігі үшін);

      7) орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің атауы;

      8)орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің көлемі (олардың өлшем бірліктерімен);

      9) орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің жалпы құны;

      10) арнайы мобильді қосымшаның чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих-код.

Арнайы мобильді қосымшаның чегін салық төлеуші қолма-қол ақшамен есеп айырысу кезінде және (немесе) сатып алушыға (клиентке), жұмыстар мен қызметтерді алушыға, оның ішінде олар көрсеткен электрондық пошта мекенжайына қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау үшін жүйені (құрылғыны) пайдалана отырып беруі тиіс.

      Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың өзге нысандары кезінде арнайы мобильді қосымшаның чегі есеп айырысу жүргізілген күннен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей қалыптастырылып, сатып алушыға (клиентке), жұмыстарды, қызметтерді алушыға, оның ішінде олар көрсеткен электрондық пошта мекенжайына берілуі тиіс.

Арнайы мобильді қосымша арнайы мобильді қосымшаның чектері және басқа көздерден алынған кірістер туралы басқа мәліметтер негізінде кірістер тізілімін қалыптастырады.

 Арнайы мобильдік қосымшаны оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдерді есептеу, оларды төлеу және оңайлатылған декларацияны ұсыну бойынша салық міндеттемелерін орындау үшін пайдалана алады.

 

Дата публикации
15 апреля 2022