- Салық төлеушілерді салық міндеттемелерінің бар-жоғы туралы хабардар ету салық міндеттемелерін орындау туралы хабарлама алу үшін салық төлеуші салық органына өзінің телефон нөмірлері және электрондық поштасының мекенжайы туралы мәліметтерді ұсынуға құқылы. Салық кодексінің 13-бабының 2-тармағы 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
- Мобильді қосымшаны қолдану арқылы арнайы салық режимін енгізу ("Е-Salyq Business"); 67, 79, 115, 166, 190, 213, 482, 678, 679, 680, 681, 683, 684, Салық кодексінің 2-1,686-1,686-2,686-3-параграфы, ҚРЗ 33 (358 және 362)бабы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап арнайы мобильді қосымшаны ("E-SalyqBusiness") пайдалана отырып, жеке кәсіпкерлер үшін жаңа арнаулы салық режимі енгізіледі.Аталған нормаларға сәйкес мобильдік қосымша кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін орындауын оңайлатуды қамтамасыз етуі тиіс. Осылайша, мобильді қосымшаның көмегімен жеке кәсіпкер ретінде қарапайым онлайн тіркелу, салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеу, осы арнайы салық режимін қолданатын адамдарға сенім білдірудің күшін жою қамтамасыз етіледі.
- 6 АЕК-тен астам мөлшерде шоттарға тыйым салу үшін салық берешегінің шекті шегін белгілеу салық берешегінің шекті шегінен төмен шоттарға ( 6 АЕК немесе 17 502 теңге) тыйым салу жөніндегі шаралар қолданылмайды.2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі Салық кодексінің 118-бабы 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі
- Сондай-ақ Екінші деңгейдегі банктерге салық органының салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі кері қайтарып алынғанға дейін шот бойынша шығыс операцияларын жүргізу құқығы беріледі.
- БКМ чегінде алушының ЖСН/БСН көрсету осы түзету сатып алушыға ҚҚС төлеуші болып табылмайтын ЖК ЭШФ жазып берудің орнына БКМ чегін он-лайн беру мүмкіндігін беру мақсатында көзделген. 166-баптың 7-тармағы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
-2021 жылғы 1 сәуірден бастап-ҚҚС төлемеушілер құны 1 000 АЕК жоғары мәмілелер бойынша ЭШФ жазып беруге міндетті және тауар алушылар,КТС мақсаттары үшін жұмыстардың, қызметтердің құнын ЭШФ растайды (242-б.3-1-Т. және т. б.).8) ҚР ТҰК 412-бабының 1-тармағы).
Бұл ретте бұрын мұндай шығыстар бухгалтерлік құжаттармен немесе салалық заңнамаға сәйкес ресімделетін құжаттармен (тауарларға арналған жүкқұжаттар, орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер актілері, төлем құжаттары және т.б.) расталған.