Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды енгізуге қатысты(ТІЖ)

Құрметті салық төлеушілер!

 

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 02.11.2021 жылғы № 1127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2021 жылғы 2 қарашадағы № 24999), тауарларға ілеспе жүкқұжаттар бойынша пилоттық жобаның мерзімдері ұзартылғандығын хабарлайды.

Сонымен, Пилоттың мерзімі ұзартылады:

акцизделетін өнімдер, ЕАЭО шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына/аумағынан тауарларды әкелу/әкету бойынша, сондай-ақ ЭШФ «Виртуалды қойма» модулі арқылы шығарылуға жататын тауарлар бойынша
(ҚР ҚМ Бұйрығы 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 384 бұйрығымен бекітілген)
2022 жылғы 1 сәуірге дейін белгіленеді.

Бұл ретте пилотты жүргізу кезеңінде айыппұл санкциялары қолданылмайды.

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында электрондық шот-фактуралар электрондық ақпараттық жүйенің «Виртуалды қойма» модулі арқылы тауарлардың тізбесі құрылыс материалдарына жазып берілетін шот-фактураларына кеңейтіледі. Бұл ретте, осындай тауарлар бойынша «Виртуалды қойма» модулінде ЭШФ жазып беру 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап алдын-ала Пилотты жүргізумен, негізгі  міндеттеме 2022 жылдың1 қарашадан басталады.

 

 

 

Дата публикации
09 ноября 2021