Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бос  мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер Комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің

Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бос

 мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін

жалпы конкурс

 

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

 

С-R-4 санаты үшін: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық; жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-R-4

95 245

128 834

 

 

І.«Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің Абай бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ. 160002, Шымкент қаласы, Театр көшесі, 33 үй, 204 каб., байланыс телефоны 8(7252) 56-33-08, 56-33-03, факс 8(7252) 56-33-04, электрондық мекен-жайы: i.beisembai@kgd.gov.kz

«Б» корпусы бос  әкімшілік  мемлекеттік  лауазымға орналасуға  конкурс жариялайды:

 

 

  1. Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Ұйымдастыру және құқықтық жұмыстары бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысы мерзіміне, 01.07.2021 ж.дейін) С-R-4 санаты  1 бірлік.

 

Функционалды міндеттері: Салық заңнамасына түсінік беруге; ИС ЭКНА жүйесіндегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды өңделу жұмысын ұйымдастыру және төленген әкімшілік айыппұлдарының «учет взысканий» режиміне енгізілуін қамтамасыз ету; Салынған айыппұлдардың өндірілуі бойынша мәлімет ұсынуға; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы «мониторинг» бойынша дайындау; Мемлекеттік кірістер басқармасының заң қызметінде нормативтік құқықтық кесімдерді, сот істерін, прокурорлық пен қою кесімдерін, көшірмелерін құқық қорғау органдарынан, прокуратура органдарынан және соттардан келіп түсетін басқа да материалдарды жүйелі есепке алу мен сақтауды қамтамасыз етуге;заңды тұлғалар бойынша мемлекеттік тіркеуін, қайта тіркеуінжарамсыз деп тануға сотқа талап арыз беру; Сот органдарымен шыққан шешімдерді, ұйғарымдары бойынша Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің заң басқармасына апта сайын мәлімет беру; Мемлекеттік кірістер басқармасының қызығушылықтарын қорғау үшін және қылмыстық істер бойынша жәбірленуші тарап ретінде сотта және басқа органдардың ісіне қатысуға; Салық төлеушілердің арыздарымен және шағымдарымен жұмыс жасауға; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғарғы білім; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, есеп және аудит, қаржы,  маркетинг, салық ісі), құқық (құқықтану), жаратылыстану ғылымдары (информатика), техникалық ғылымдар мен технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі техникалық немесе кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Осы санат үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын;                                                                                                                                                                                                               "Қазақстан - 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерін білуі;

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

 

Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейінгі келесі күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

 

Жалпы конкурсқа қатысу  үшін мынадай  құжаттар тапсырылады:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған өтініш;

          2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

         3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Осы 2) және 3) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.         Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде Шымкент қаласы, Теарт көшесі 33, Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында өтеді.

           Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

 

Құжаттарды қабылдау Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Абай бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы РММ индекс 160002, Шымкент қаласы, Театр көшесі, 33 үй, 204 каб., байланыс телефоны 8(7252) 56-33-08,  56-33-03, факс 8(7252) 56-33-04, электрондық мекен-жайы: i.beisembai@kgd.gov.kz жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша 

_____________________________________

_____________________________________

_____________________________________
(мемлекеттік орган)  

ӨТІНІШ

 

       Мені__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.

 

         «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

 

Қоса берілген құжаттар:

 ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________
__________________________________________________________________

 

__________                                         ____________________________________
   (қолы)                                                             (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«____»_______________ 2021 ж.

 

 

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
3-қосымшасы

 

Нысан

 

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІК ТІЗІМІ ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"

              

ФФФ

 

 

 

 

_____________________________________                                                     

(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии

 

________________________________________________________

(жұмыс орны, лауазымы, санаты/место работы, должность, категория)

 

________________________

 (жеке сәйкестендіру нөмірі/ индивидуальный идентификационный номер)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

Туған күні және жері /Дата и место рождения

 

2.

Ұлты (қалауы бойынша) /Национальность (по желанию)

 

3.

Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /
Семейное положение, наличие детей

 

4.

Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы /
Год окончания и наименование учебного заведения

 

5.

Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) / Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)



6.

Шетел тілдерін білуі /Владение иностранными языками

 

7.

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) / Государственные награды, почетные звания (при наличии)



8.

Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

9.

Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)



10.

Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)



 

     

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/

ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ



Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері /
должность*, место работы, местонахождение организации



қабылданған /
приема

босатылған /
увольнения











 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

_____________________
Кандидаттың қолы /Подпись кандидата

_______________
күні / дата

 

 

* Ескертпе: қызметтік тізімде әрбір атқаратын лауазым бөлек жолда толтырылады

 

 

 

 

 

Дата публикации
13 апреля 2021