Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:
С-R-4 санаты үшін: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық; жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
|
Санат |
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты |
|
|
min |
max |
|
С-R-4 |
95 245 |
128 834 |
«Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің Абай бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ. 160002, Шымкент қаласы, Театр көшесі, 33 үй, 204 каб., байланыс телефоны 8(7252) 56-33-08, 56-33-03, факс 8(7252) 56-33-04, электрондық мекен-жайы: i.beisembai@kgd.gov.kz
«Б» корпусы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:
Функционалды міндеттері: Салық заңнамасына түсінік беруге; ИС ЭКНА жүйесіндегі әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды өңделу жұмысын ұйымдастыру және төленген әкімшілік айыппұлдарының «учет взысканий» режиміне енгізілуін қамтамасыз ету; Салынған айыппұлдардың өндірілуі бойынша мәлімет ұсынуға; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы «мониторинг» бойынша дайындау; Мемлекеттік кірістер басқармасының заң қызметінде нормативтік құқықтық кесімдерді, сот істерін, прокурорлық пен қою кесімдерін, көшірмелерін құқық қорғау органдарынан, прокуратура органдарынан және соттардан келіп түсетін басқа да материалдарды жүйелі есепке алу мен сақтауды қамтамасыз етуге;заңды тұлғалар бойынша мемлекеттік тіркеуін, қайта тіркеуінжарамсыз деп тануға сотқа талап арыз беру; Сот органдарымен шыққан шешімдерді, ұйғарымдары бойынша Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің заң басқармасына апта сайын мәлімет беру; Мемлекеттік кірістер басқармасының қызығушылықтарын қорғау үшін және қылмыстық істер бойынша жәбірленуші тарап ретінде сотта және басқа органдардың ісіне қатысуға; Салық төлеушілердің арыздарымен және шағымдарымен жұмыс жасауға; Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика, салық ісі, жергілікті және мемлекеттік басқару, жобаны басқару), құқық, информатика, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, компьютерлік модельдеу мамандықтары бойынша.
Жалпы біліктілік талаптары:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейінгі келесі күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не (i.beisembai@kgd.gov.kz) электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Шымкент қаласы, Теарт көшесі 33, Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.
Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Құжаттарды қабылдау Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Абай бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы РММ индекс 160002, Шымкент қаласы, Театр көшесі, 33 үй, 204 каб., байланыс телефоны 8(7252) 56-33-08, 56-33-03, факс 8(7252) 56-33-04, электрондық мекен-жайы: d.risaliev@kgd.gov.kz жүзеге асырылады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша
_____________________________________
_____________________________________
_____________________________________
(мемлекеттік орган)
ӨТІНІШ
Мені__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________
бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.
Қоса берілген құжаттар:
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________
__________________________________________________________________
__________ ____________________________________
(қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«____»_______________ 2021 ж.