«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін ішкі конкурс

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін ішкі конкурс

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

С-R-4 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

 мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

 

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-R-4

95210

128834

 

І. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ, 160021, Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесі, 66 үй, 209 каб., байланыс телефоны 8(7252) 30-04-68,  электрондық мекен-жайы: a.meirmanova@kgd.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:

     1.Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салықтық  бақылау бөлімінің  бас маманы,      (С-R-4 санаты)  1  бірлік.

Функционалды міндеттері: бөлімнің орталықтандырылған тапсырмаларын орындау, ҚҚС есебінде тұрмай жұмыс істейтін салық төлеушілерге құжаттық тексерулер, заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге қарсы және рейдтік тексерулер, салық төлеушінің қолданыстағы заңдарға негізделген жалпы табысы мен шығынын анықтау мақсатында хронометраждық тексерулер жүргізу, тексеру актісі бойынша қарыз салықтарды, және басқа да міндетті төлемдердің, ҚҚ салығының  бюджетке уақытылы түсуін, қамтамасыз ету және зерттеу актілерін жүргізу. Салық төлеушілердің салық міндеттемелерін уақытылы және толық орындауын бақылау, камералдық бақылау жасау көзделген шарттарды асыра пайдалануды, арифметикалық қателіктерді анықтау, салық түсімінің динамикасын бақылау. Акциз салықтарының дер кезінде және толық түсуін қамтамасыз ету, акциздік бекеттердің қызметін бақылау, акциздік өнімдердің өндірісі және айналымымен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдарда, бюджетке акциз төлемдерінің толық мерзімді және дұрыс төленуі мен лицензиялық, кәсіптік низамдары мен Ережелердің орындалуы мақсатында салықтық тексерулер жүргізу, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу фактілерін анықтау, салық төлеушінің қолданыстағы заңдарға негізделген жалпы табысы мен шығынын анықтау мақсатында хронометраждық тексерулер, зерттеу актілерін жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғарғы білім; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, әлемдік экономика, есеп және аудит, қаржы,  маркетинг, салық ісі), құқық (құқықтану), жаратылыстану ғылымдары (информатика), техникалық ғылымдар мен технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу), мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі техникалық немесе кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік. Осы санат үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын;                                                                                                                                                                                                               "Қазақстан - 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерін білуі;

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

                        

Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейінгі келесі күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысу  үшін мынадай  құжаттар тапсырылады:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы №14 бұйрығымен бекітілген тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

          Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

          Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

          Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жарилаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не a.meirmanova@kgd.gov.kz, n.postanova@kgd.gov.kz электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

         Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі, 66, Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында өтеді.

         Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.  

         Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

 Құжаттарды қабылдау Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Қаратау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ. 160021, Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесі, 66 үй, 209 каб., байланыс телефоны 8 (7252) 30-04-68,  электрондық мекен-жайы:  a.meirmanova@kgd.gov.kz, n.postanova@kgd.gov.kz жүзеге асырылады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы 

_____________________________________

_____________________________________

_____________________________________
(мемлекеттік орган)  

ӨТІНІШ

       Мені__________________________________________________________________

______________________________________________________________________

______________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.

         «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

          Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

          Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын трансляциялауға және орналасуға келісім беремін _______________________________________

                                                                                             (ия/жоқ)

 

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.

 

Қоса берілген құжаттар:

 __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы: ______________________________________________________
__________________________________________________________________

Байланыс телефоны:  _______________________________________________

e-mail: ___________________________________________________________

ЖСН: ____________________________________________________________

__________                                         ____________________________________
(қолы)                                                             (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

                                                                       «____»_______________ 2021 ж.

 

Дата публикации
02 апреля 2021