|
Қаржы Министрдің міндетін атқарушы 2020 жылғы 10 шілдесі № 665 |
|
бұйрығына 5-қосымша |
«Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаты
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
Лицензияны алу және/немесе қайта ресімдеу кезінде көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші портал арқылы қабылданады.
Лицензияның қолданысы тоқтатылған кезде ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияның қолданысын тоқтату үшін сауал, көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның телнұсқасын қайтара отрып, лицензияны электронды нысанда ресімдеу жағдайын қоспағанда.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында көрсетілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы заң)
29-бабына сәйкес құжаттарды ұсынады.
Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жіберіледі.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлға ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, құқық белгілейтін құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың
ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
3) заңды тұлға-лицензиат Рұқсаттар туралы заңның 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес қайта ұйымдастырылған;
4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда);
5) егер нақты лицензияның иеліктен шығарылатындығы Рұқсаттар туралы заңның 1-қосымшасында көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығарған;
6) «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда қайта ресімделуге жатады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 4) және 6) тармақшаларының күші дара кәсіпкер-лицензиаттың заңды мекенжайының, заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жері мекенжайының, «объектілерге берілетін рұқсаттар» сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе объектілер көрсетіле отырып, лицензияға қосымшалар үшін объектісінің орналасқан жері мекенжайының өзгеруі «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес елді мекендер атауының, көше аттарының өзгеруіне байланысты болған жағдайларға қолданылмайды. Лицензиаттар мен лицензия объектісі мекенжайларының бұлай өзгеруі мемлекеттік ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады.
Рұқсат беру тәртібі енгізілген қызмет түрінің және (немесе) кіші түрінің атауы өзгерген жағдайда, лицензиаттың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге құқығы бар.
Атауы өзгерген қызмет түріне лицензиясы бар лицензиат лицензияны алдын ала қайта ресімдеген жағдайда, лицензияға қосымша алуға құқылы.
Рұқсаттар туралы заңның 35 бабының 2-тармағына сәйкес осы 35 баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған немесе лицензия электрондық нысанда ғана ресімделген жағдайларды қоспағанда, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы тоқтатылған кезде лицензиат лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны он жұмыс күні ішінде лицензиарға қайтаруға міндетті.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттардың толық еместігін анықтаған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді түрде бас тартады.
Тапсырылған құжаттар толық болған жағдайда құжаттарды өңдеуге жауапты тұлға құжататрды «е-лицензиялау» ақпараттық жүйесіне енгізеді, өңдейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жібереді:
1) лицензия беру әлде Рұқсаттар туралы заңның 32 бабынің 1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауабы – 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;
салықтардың және бюджетке төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысының атына;
мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25 бабы 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына
1-қосымша
|
«Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті. |
|
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету каналдары |
«электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
|
|
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері |
1) лицензия беру не осы 1-қосымшаның 2) лицензияны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде. |
|
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған).
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензия, қайта ресімделген лицензия; 2) осы 1-қосымшасының 9-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық. |
|
6 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қызмет алушыдан алынатын ақы мөлшері және Қазақстан Республикасы заңдарымеп белгіленген ақыны алу әдістері |
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 1) лицензияны беру кезінде – 3000 АЕК; 2) лицензияны қайта ресімдеу кезінде – лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды. Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы Портал арқылы сұрау берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі |
|
7 |
Қызметті берушің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (бұдан әрі – ҚР Еңбек кодексі) сәйкес сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезекпен көрсетіледі, алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген; 2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: көрсетілетін қызметті берушінің – www.kgd.gov.kz; www.egov.kz порталы интернет-ресурстарында орналастырылған. |
|
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1) лицензияны алу үшін: осы Қағидаға 2 немесе 3-қосымшаларға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш; ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі; этил спиртін өндіруші әзірлеген және бекіткен өндіру паспортының электрондық көшірмесі; этил спиртінің қажетті көлемін өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтың пайдалану - техникалық сипаттамасын қамтитын жабдықтың паспорттарының көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш беруші жүргізетін өндірістік қуат есебінің электрондық көшірмесі; ұйымның теңгеріміне технологиялық жабдықты қабылдау туралы бухгалтерлік (есептік) құжаттардың электрондық көшірмелері; осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес этил спиртін өндіру саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтер нысандары; 2) лицензияны қайта ресімдеу үшін: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5 немесе 6-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш; ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі; мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері. |
|
9 |
Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден бас тарту негіздемелері |
егер: 1) Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілетін қызметті алушылардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған; 2) лицензиялық алым енгізілмеген; 3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген; 4) лицензиар тиісті келісуші мемлекеттік органнан өтініш берушінің лицензиялау кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні туралы жауап алған; 5) өтініш берушіге қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған; 6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш беруші-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салған; 7) өтініш беруші лицензия алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайлар мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер болып табылады. |
|
10 |
Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 777 арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар. |
«Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына
2-қосымша
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші
______________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
______________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
______________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн)
______________________________________________________________
______________________________ жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта ______ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы ______________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін) пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
Электрондық пошта ____________________________________________
Телефондары __________________________________________________
Факс _________________________________________________________
Банк шоты ____________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы __________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Басшы________ ________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________
«Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына
3-қосымша
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші
_______________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_______________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке
сәйкестендіру нөмірі)
_______________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтiң кіші түрінің(-лері) толық атауы көрсетiлсiн)
жүзеге асыруға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қағаз тасығышта ______ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) беруiңiздi сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы
_______________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта _____________________________________________
Телефондары ___________________________________________________
Факс __________________________________________________________
Банк шоты _____________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы ___________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені,
көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға __________ __________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Толтыру күні: 20___ жылғы «__» ___________
«Этил спиртінің өндірісіне
лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет қағидасына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 60 бұйырығымен бекітілген
Этил спиртін өндіру, алкоголь
өнімін өндіру,алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сату, сондай-ақ алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада
сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада сату саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға
сәйкестігін растайтын құжаттар
тізбесіне қосымша
нысан
Этил спиртін өндіру саласындағы қызметті жүзеге
асыруға қойылатын біліктілік талаптарына мәліметтердің нысаны
1.1 Этил спиртін өндіру паспортында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін меншік құқығындағы стационарлық үй-жайлар:
мыналарды көрсетіңіз:
1) орналасқан жерінің мекенжайы (почта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі ____________________;
2) стационарлық үй-жайдың кадастрлық нөмірі ______________________;
3) меншік құқығы туындауының негізі _____________________________;
4) меншік құқығының туындауын растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні ____________________________________________________________________;
5) нысаналы мақсаты (жоспар бойынша литер) ______________________;
6) стационарлық үй-жайдың жалпы алаңы __________________________;
7) қойма үй-жайдың жалпы алаңы _________________________________;
8) салынған жыл ________________________________________________.
1.2 Стационарлық үй-жайда этил спиртін өндіруді қамтамасыз ететін сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және кәріз:
мыналарды көрсетіңіз:
1) стационарлық үй-жайды сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және кәрізбен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсету туралы шарттың (шарттардың) атауы ______;
2) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні __________________________.
1.3 Электр энергиясының іркіліссіз қоректендіру көздерімен жарақтандырылған, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде, этил спиртінің өндірілу көлемі туралы деректердің автоматты түрде берілуін қамтамасыз ететін есепке алудың бақылау аспаптары:
мыналарды көрсетіңіз:
1) аспаптарды сатып алуға, монтаждауға және орнатуға арналған шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні __________________________________;
2) аспаптар саны ________________________________________________;
3) ақпаратты автоматты түрде беруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етудің бар-жоғы _____________________________.
2.1 Алкоголь өнімін өндіру паспортында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келетін меншік құқығындағы стационарлық үй-жайлар:
мыналарды көрсетіңіз:
1) орналасқан жерінің мекенжайы (пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі (стационарлық үй-жайдың) ____________________;
2) стационарлық үй-жайдың кадастрлық нөмірі ______________________;
3) меншік құқығы туындаудың негіздемесі __________________________;
4) меншік құқығының туындауын растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі және күні _____________________________________________________;
5) нысаналы мақсаты (жоспар бойынша литер) ______________________;
6) стационарлық үй-жайдың жалпы алаңы __________________________;
7) қойма үй-жайдың жалпы алаңы _________________________________;
8) салынған жыл ________________________________________________.
2.2 Стационарлық үй-жайда алкоголь өнімін өндіруді қамтамасыз ететін сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және кәріз:
мыналарды көрсетіңіз:
1) стационарлық үй-жайларды сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және кәрізбен қамтамасыз ету жөніндегі шарттың (шарттардың) атауы ________________________;
2) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні __________________________.
2.3 Электр энергиясының іркіліссіз қоректендіру көздерімен жарақтандырылған, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде, алкоголь өнімінің өндірілу көлемі туралы деректердің автоматты түрде берілуін қамтамасыз ететін есепке алудың бақылау аспаптары:
мыналарды көрсетіңіз:
1) аспаптарды сатып алуға, монтаждауға және орнатуға шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні __________________________________________;
2) аспапттар саны _______________________________________________;
3) ақпаратты автоматты түрде беруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етудің бар-жоғы _____________________________.
2.3 Өлшемдердің бірыңғайлығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің талаптарына сәйкес тексерілген температуралық - ылғалдық режимі бойынша шикізатты, қосалқы материалдарды және алкоголь өнімін сақтау шарттарын бақылауға мүмкіндік беретін аспаптар:
мыналарды көрсетіңіз:
1) аспаптарды сатып алуды растайтын құжаттың (құжаттардың) нөмірі мен күні _____;
2) аспаптарды тексеруді жүзеге асыратын ұйымның атауы ____________;
3) соңғы және кейінгі тексерудің күні ______________________________.
3.1 Жалға алу немесе өтеусіз пайдалану шартының көшірмесі:
1) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні көрсетіңіз _________________;
2) қойма үй-жайдың кадастрлық нөмірі _____________________________.
3.2 Қойма үй-жайдағы сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау, кәріз:
мыналарды көрсетіңіз:
1) стационарлық үй-жайларды сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау және кәрізбен қамтамасыз ету жөніндегі шарттың (шарттардың) атауы ________________________;
2) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні __________________________.
3.3 Мәлімделген қойма үй-жайларында алкоголь өнімдерін сақтау және көтерме саудамен сату бойынша қызметті жүзеге асыратын екі және одан да көп лицензиаттың болуы немесе болмауы туралы мәліметтер:
қойма үй-жайында екі немесе одан көп лицензиаттың болуы немесе болмауын көрсетіңіз
_______________________________________________________.
3.4 Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәлімет:
бақылау-кассалық машинаны тіркеуді растайтын құжаттың нөмірі мен күнін көрсетіңіз
_______________________________________________________________.
4.1 Стационарлық үй-жайдағы сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау, кәріз:
мыналарды көрсетіңіз:
1) стационарлық үй-жайларды сумен жабдықтау, электр қуатымен жабдықтау кәрізбен қамтамасыз ету жөніндегі шарттың (шарттардың) атауы _______________________________;
2) шарттың (шарттардың) нөмірі мен күні __________________________;
3) стационарлық үй-жайдың кадастрлық нөмірі ______________________.
4.2 Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналары туралы мәлімет:
бақылау-кассалық машинаны тіркеуді растайтын құжаттың нөмірі мен күнін көрсетіңіз
_______________________________________________________________.
«Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына
5-қосымша
Лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны қайта ресімдеуге арналған заңды тұлғаның өтiнiші
___________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
___________________________________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
______________________________________________ жүзеге асыруға
(қызметтiң түрi және (немесе) қызметтің кіші түрінің(-лері) толық атауы)
20___ жылғы «___» ________ № ____________, ______________ берілген, (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын) қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) заңды тұлға-лицензиат «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес (тиісті жолға Х қою қажет):
бірігу ____
қайта құру ____
қосылу ____
бөліп шығару ____
бөліну ____ жолымен қайта ұйымдастырылуы
2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі ____
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі ____
4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ____
5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі ____
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда ____
7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ____
8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі _____ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Заңды тұлғаның мекенжайы ___________________________________
(заңды тұлғаның (соның ішінде шетелдік заңды тұлғаның) толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда – шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Электрондық пошта _________________________________________
Телефондары _______________________________________________
Факс ______________________________________________________
Банк шоты _________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы __________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға үшін-елі, пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар) нөмірі) ______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Басшы ____ ________________________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________
«Этил спиртінің өндірісіне лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасына
6-қосымша
Лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші
__________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
__________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жеке
сәйкестендіру нөмірі)
__________________________________________________________
(қызметтiң түрi және (немесе) кіші түрінің(-лері) толық атауы)
_____________________________________________ жүзеге асыруға
20___ жылғы «___» ___________ № ____________, _______________ берілген, (лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаның(лардың) нөмірі(лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) берген лицензиардың атауы) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (керектің асты сызылсын) қағаз тасығышта ___ (лицензияны қағаз тасығышта алу қажет болған жағдайда Х белгісін қою керек) мынадай негіз(дер) бойынша (тиісті жолға Х қою қажет):
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгеруі _______
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы өзгеруі ______
3) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның заңды мекенжайы өзгеруі _______
4) егер лицензияның иеліктен шығарылатындығы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына 1-қосымшада көзделген жағдайларда, лицензиат үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ________
5) «объектілерге берілетін рұқсаттар» класы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгеруі _______
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда _______
7) қызмет түрінің атауы өзгеруі ________
8) қызметтің кіші түрінің атауы өзгеруі ________ қайта ресімдеуіңізді сұраймын.
Жеке тұлғаның тұрғылықты жерінің мекенжайы ________________
__________________________________________________________
(пошталық индексі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат нөмірі)
Электрондық пошта _________________________________________
Телефондары ______________________________________________
Факс ______________________________________________________
Банк шоты _________________________________________________
(шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi)
Қызметті немесе іс-қимылды (операцияларды) жүзеге асыру объектісінің мекенжайы _______________________________________________________________
(пошталық индексі, елі, облысы, қаласы, ауданы, елді мекені, көше атауы, үй/ғимарат (стационарлық үй-жайлар нөмірі)
______ парақта қоса беріліп отыр.
Осымен:
көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады;
өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;
өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).
Жеке тұлға _________ _______________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)
Толтыру күні: 20__ жылғы «__» _________________
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 14.07.2020
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 20955 болып енгізілді
Результаты согласования
Министерство финансов РК - директор Департамента Мурат Бухарбаевич Адилханов, 07.07.2020 12:09:35, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство юстиции РК - Исполнящий обязанности министра Наталья Виссарионовна Пан, 09.07.2020 18:31:13, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
ҚР Қаржы министрлігі - Қаржы Министрдің міндетін атқарушы Б. Шолпанкулов, 10.07.2020 10:39:04, положительный результат проверки ЭЦП