Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыруды үлгеріңіз!

Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыруды үлгеріңіз!

 

Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде "Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы" декларацияны (250.00 нысан) тапсыру мерзімі аяқталатынын хабарлайды.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен декларациялау енгізілді. Декларацияны тапсыру жылының 1 қаңтарына:

-        жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар және олардың жұбайлары;

-        мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары;

-        мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары;

-        "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан  Республикасының Конституциялық заңына және "Банктер және банк қызметі туралы" ҚРЗ, "Сақтандыру қызметі туралы", "Бағалы қағаздар нарығы туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚРЗ сәйкес декларация табыс ету міндеті жүктелген тұлғалар тапсырады.

Бұл ретте, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы заңының 1-бабы 4) тармақшасына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам – жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адам; Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнің немесе мәслихаттардың депутаттығына, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдігіне, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органының мүшелігіне кандидаттар ретiнде тiркелген азамат; жергiлiктi өзiн-өзi басқару органында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан жүргізілетін қызметшi; мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам, сондай-ақ сатып алуды, оның ішінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу бойынша шешімдер қабылдауға уәкілеттік берілген не мемлекеттік бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды іріктеу мен іске асыруға жауапты, көрсетілген ұйымдарда дербес құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазымды атқаратын адам, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен оның ведомстволарының қызметшілері, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның қызметшілері; Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілері.

Мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде басқарушылық функцияларды орындайтын адам - қызмет бойынша бағынысты адамдардың орындауы үшін міндетті бұйрықтар мен өкімдерді шығаруға, ұйымдастырушылық-өкімдік функцияларды тұрақты, уақытша не арнаулы өкiлеттiк бойынша орындайтын, сондай-ақ бағыныштыларға қатысты көтермелеу шараларын және тәртіптік жазалар қолдануға немесе аталған ұйымдардағы ұйымның теңгеріміндегі мүлікті басқару және оған билік ету құқығы берілген әкімшілік-шаруашылық функцияларды қолдануға құқылы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) түсіндірмесіне сәйкес –"сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша шешімдер қабылдауға уәкілетті адамдарға сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алуды ұйымдастырушы тағайындайтын не сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша шешімдер қабылдау жөніндегі өкілеттіктер аталған адамдардың лауазымдық нұсқаулықтарында не олардың қызметтік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын өзге де құжаттарда бекітілген дербес құрылымдық бөлімшелердің басшыларын не дербес құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес лауазымды атқаратын лауазымды адамдар жатқызылады».

Сонымен бірге, сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөнінде шешімдер қабылдауға уәкілетті не мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды іріктеу мен іске асыруға жауапты адамдарға дербес құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазымды атқаратын квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметкерлерін жатқызу қажет.

Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды іріктеу мен іске асыруға жауапты адамдарға қатысты мұндай өкілеттіктер, әдетте, белгілі бір салаларда ұлттық операторлар болып табылатын мемлекеттік бағдарламаларды, мемлекеттік тапсырмаларды, инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми-техникалық жобаларды іске асыруды жүзеге асыратын квазимемлекеттік сектор субъектілерінде бар екенін атап өтеміз.

Бұдан басқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің түсіндірмелерінде, егер "мемлекеттік сатып алу бөлімі немесе басқа бөлім мемлекеттік ұйымның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылса және осы заңды тұлғаның сатып алу рәсімдерін өткізу кезінде сатып алуды ұйымдастырушы болып тағайындалса не сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі шешімдерді қабылдау жөніндегі өкілеттіктер тиісті бөлім басшысының лауазымдық нұсқаулығында бекітілсе, онда осы бөлімнің басшысы сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, тиісінше, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестіріледі.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде мемлекеттік ұйымның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметкерін "мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адам" ұғымына жатқызу туралы шешімді қызметтік өкілеттіктердің ауқымы мен мазмұнын, сондай-ақ қызметкердің лауазымдық мәртебесін айқындайтын ұйымның лауазымдық нұсқаулықтарын және басқа да ішкі құжаттарын талдау негізінде қабылдаған жөн".

Бұл ретте, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде мемлекеттік сатып алу "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңға, ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 3-бабы 1-тармағының 31) тармақшасына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілері – мемлекеттік кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде мемлекет құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалар жатады.

Осылайша, егер заңды тұлға квазимемлекеттік сектор субъектісі болып табылса, ал оның қызметкерлеріне жоғарыда көрсетілген функциялар берілген және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген болса, онда мұндай қызметкерлер мен олардың жұбайларында жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінде 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну бойынша міндеттемелер туындайды.

Декларация электронды түрде – Мемлекеттік кірістер комитетінің "Салық төлеушінің кабинеті" web-порталы арқылы (cabinet.salyk.kz), "Электрондық үкімет" порталы (egov.kz), сондай-ақ eSalyk azamat мобильді қосымшалары арқылы ұсынылады. 

Ағымдағы жылғы 15 қыркүйекте жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру мерзімі аяқталатынын ескере отырып, бірінші кезеңде 250 нысанын ұсыну бойынша міндеттемесі бар тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікті болдырмау үшін декларацияны уақтылы тапсыруға шақырамыз.

Сонымен қатар, 2023 жылғы 1 қаңтарынан басталатын  екінші кезеңде 250 нысанын:

- мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары;

- квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері және олардың жұбайлары.

Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап:

- дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары.

Төртінші кезеңде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – азаматтардың қалған санаты тапсырады.

Документы
Декларация
22 ноября 2024
Exemption of individuals from submitting declarations of assets and liabilities:
Новости
Полезные материалы
Жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыруды үлгеріңіз!
Медиагалерея
1
22.01.2026 жылы Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтар мен кәсіпкерлерге арналған Ашық есік күнін өткізді.
1
Қате декларацияны қалай қайтарып алуға болады туралы видео ролик.
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы