Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Банкротқа ұшырау және оңалту.

Қазақстан Республикасындағы банкроттық және оңалту институты «Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңымен реттеледі және қаржылық төлем қабілетсіздігі жағдайында борышкер мен кредиторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

«Оңалту және банкроттық туралы» ҚР Заңы кредиторлардың талаптарын борышкер толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, берешекті қайта құрылымдау рәсімін, оңалту рәсімін қолдану және борышкерді банкрот деп тану, борышкерді банкроттық рәсімін қозғамай тарату үшін негіздерді белгілейді, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.

Оңалту

Оңалту - бұл борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және оның банкрот болуын болдырмау үшін жүзеге асырылатын шаралар кешені. Негізгі кезеңдер:

  • Оңалту жоспарын дайындау;
  • Борышты қайта құрылымдау;
  • Қаржылық-шаруашылық қызметті оңтайландыру;
  • Кредитордың талаптарын уақытша тоқтата тұру.

Банкроттық

Банкроттық - бұл сот танитын борышкердің өз қаржылық міндеттемелерін толық өтеуге қабілетсіздігі. Рәсім мыналарды қамтиды:

  • Борышкер немесе кредитордың өтінішін сотқа беру;
  • Уақытша және банкроттықты әкімшілікті тағайындау;
  • Мүлікті инвентаризациялау;
  • Активтерді сату;
  • Кредитордың талаптарын қанағаттандыру.

Жеке тұлғалардың банкроттығы

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» ҚР Заңы Қазақстан Республикасының азаматы төлемге қабілетсіз болған кезде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін, сондай-ақ соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдануға арналған негіздерді, оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын белгілейді.

Қазақстан Республикасында кімдер өзін банкрот деп жариялай алады.

Жеке тұлғалардың банкроттығы – азаматтардың қолда бар борыштарынан цивилизациялық түрде арылуға, коллекторлардың қысымынан және үмітсіздік сезімінен босауға мүмкіндік беретін, борышкердің адал мінез-құлқы кезінде борышты толық өтеу мүмкін болмаған жағдайда оны есептен шығаруға мүмкіндік беретін әдіс.

Қазақстанда, төлем қабілетінің жоқтығы салдарынан өз борыштарын белгіленген мерзімде өтей алмайтын тұлға өзін банкрот деп жариялай алады, яғни оның табысы немесе мүлкі несие берушілердің талаптарын қанағаттандыруға жеткіліксіз болады.

Соттан тыс банкроттық

Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасы «Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» Заңына сәйкес eGov.kz порталы мен SalyqAzamat мобильдік қосымшасы арқылы сотқа дейінгі банкроттыққа өтініш бере алады.

Сотқа дейінгі банкроттық рәсімі мынадай талаптарды қамтиды: -несие берушілер алдындағы берешек сомасы 1600 АЕК-тен (5 907 200 теңге) аспайды; -жеке меншік мүлкі жоқ; -соңғы 12 айда борышты өтемеген; -тек банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық компаниялар алдындағы берешектер үшін қолданылады.

Банкроттық туралы өтініш бергенге дейін 6 ай мерзім ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар үшін олар банкроттық рәсімін ерекше жағдайларда пайдалана алады, яғни қарызды өтемеу мерзіміне қатысты шарт есепке алынбайды.

Маңызды жайт, міндеттемелері бес жылдан астам орындалмаған қарыз жағдайында жоғарыда аталған критерийлердің ешқайсысы талап етілмейді. Бұл рәсімнің мерзімі 6 ай болып белгіленген.

Банкрот деп танылудың салдары: -5 жыл ішінде несие/қарыз алуға тыйым салынады (ломбардтардан микронесиелерден басқа); -қайта банкрот болу тек 7 жылдан кейін мүмкін; -банкроттан кейін 3 жыл бойы қаржылық жағдайды бақылау жүргізіледі.

Сот арқылы банкроттық

Егер азаматтың берешегі 1600 АЕК-тен асып, 12 айдан астам уақыт өтелмесе, сот арқылы банкроттық қолданылуы мүмкін.

Департаментпен қаржылық басқарушы тағайындалады, ол 10 жұмыс күні ішінде борышкердің мүлкіне түгендеу жұмыстарын жүргізеді.

Сот арқылы банкроттық кезінде борышкердің мүлкі сауда-саттық арқылы өткізіледі, алынған қаражат борыштарды өтеуге жұмсалады.

Рәсімнің мерзімі сот шешімі күшіне енген күннен бастап 6 айдан аспайды (қосымша 6 айға ұзартылуы мүмкін). Егер жалғыз тұрғын үй кепілде тұрған болса, несие беруші оны сот арқылы банкроттық рәсімі барысында алуға құқылы. Ал егер кепілде тұрмаған  болса, несие беруші оны ала алмайды.

Қаржы басқарушысы тағайындалады. Қаржы басқарушысының қызметіне ақы төлеу борышкердің мүлкі есебінен жүзеге асырылады (айына 1 ең төменгі жалақы).

Рәсімді қолдану кезіндегі шектеулер:

  • Мүлікті иеліктен шығаруға немесе жаңа міндеттемелер қабылдауға тыйым салынады;
  • Рәсім жүргізілген кезеңде шетелге шығуға тыйым салынады.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі

Тұрақты табысы бар және барлық несие міндеттемелерінің сомасы мүлкінің құнынан аспайтын азаматтар төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдана алады.

Негізгі ерекшеліктер:

  • Сотта қаралады;
  • Борыштарды 5 жылға дейін бөліп төлеуге мүмкіндік беріледі;
  • Банкрот мәртебесі берілмейді;
  • Шетелге шығуға тыйым салынбайды;
  • Қаржылық мониторинг жүргізілмейді;
  • Несие алуда шектеулер жоқ.

Сауықтыру шаралары:

  1. Мүліктің бір бөлігін сату;
  2. Мүлікті жалға беру;
  3. Тұрғын үйді сату/ауыстыру;
  4. Дебиторлық берешекті өндіру;

Борышкерді жұмыспен қамту.

Заңнамаға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар

2024 жылғы 19 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылды.

Көрсетілген Заң «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер енгізуді көздейді.

Түзетулер қолданысқа енгізілгеннен кейін:

  1. соттан тыс және сот арқылы банкроттық рәсімдерінде

- міндеттемелер бойынша 1 айлық есептік көрсеткіштен кем төлемді қарыз бойынша өтеудің болмау мерзімін санаған кезде есептемейді; 

- коллекторлық агенттікке берілген шарттар бойынша өтеудің болмау мерзімі құқық (талап ету) берілгенге дейінгі соңғы төлем күнінен бастап есептеледі;

- 12 айдан артық төлемдер болмаған жағдайда, орындалмаған міндеттемелерді реттеу бойынша шаралар қабылданғанын растау талап етілмейді. 

Бұдан басқа, жеке тұлғалардың банктік қарыз шарттары, қарыз (несиелік) шарттары және микрокредит беру туралы шарттары бойынша талап ету құқықтарына ие барлық ұйымдар алдындағы міндеттемелер бойынша рәсімді қолдануға болады. 

Яғни, егер ұйымның тиісті шарттар бойынша талап ету құқықтары болса, оның  мәртебесіне (лицензиясынан айырылған, тарату үстінде, тізілімнен шығарылған) және нысанына (коллекторлық агенттік, микроқаржы ұйымы, арнайы қаржы компаниясы және т.б.) қарамастан, борышкер соттан тыс банкроттық рәсімі туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. 

  1. төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімінде

- мерзімі өткен міндеттемелері болмаған және тұрақты кірісі болып, бірақ мүлкі болмаған жағдайда қолданады;

- төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін борышкер елден тыс шыға алады.

Сондай-ақ бірқатар нақтылайтын түзетулер қарастырылған. Атап айтсақ, борышкер соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш берген кезде, кредитор және қарыз сомасы туралы мәліметтерді көрсетпейді, сондай-ақ өтінішке құжаттарды қоса беруге міндетті емес. Бұл ретте тиісті рәсімді қолдану үшін жұбайының келісімі қажет.

Түзетулер 2024 жылғы 25 тамыздан бастап күшіне енді.

Документы
Басқа
19 июня 2026
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Қазақстан Республикасы төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсіміндегі кредиторлар талаптарының тізілімі
Ақпарат
23 декабря 2025
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті
Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы
Хабарландыру
28 сентября 2021
Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Берешектермен жұмыс басқармасы
Банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру
Новости
Полезные материалы
Банкротқа ұшырау және оңалту.
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы