Меню

Страницы

Статья

Негізгі құжаттар Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 130-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілсін.
  2. Мыналар: 1) "Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 1082 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17992 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 25 желтоқсанда жарияланған);

2) "Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 1082 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 мамырдағы № 503 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18761 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 4 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

  1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;                                                                                            2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;                                                        3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі                                                                Е.Жамаубаев

 

 

ҚР Әділет министрлігінде 2020 жылы 30 желтоқсанда № 21995 тіркелді.

 

                                               Қазақстан Республикасы

                                               Қаржы министрлігінің

                                               2020 жылғы 28 желтоқсандағы

                                               №1241 Бұйрықпен бекітілген

Дата публикации
26 июня 2021
Дата обновления
26 июня 2021
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
13 сентября 2026
Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады
Пайдалы ақпарат
13 сентября 2026
Сыра өнімдерінің айналымының жаңа қағидалары: 1 қыркүйектен бастап шыны ыдыстарды сыраны таңбалау енгізіледі
Пайдалы ақпарат
13 сентября 2026
Мүлік салығы: жеңілдігі бар азаматтардың тізбесі және босату шарттары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы