Меню

Страницы

Статья

Қызмет (қызмет саласы)

2021-2022 жылдары мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесі ҚР Қаржы министрлігінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 1241 бұйрығымен бекітілді, бұйрық "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 130-бабының 3-тармағына сәйкес қабылданды.

Ірі салық төлеушілер мониторингіне, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдар болып табылатын, осы Кодекстің 241-бабында көзделген түзету есепке алынбағанда жылдық жиынтық кірісі неғұрлым көп, бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

1) тіркелген активтерінің құндық балансының сомасы салықтық кезеңнің соңына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі бекітілуге жататын жылдың соңында қолданыста болатын, кемінде 325 000 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайтын;                                               

2) жұмыскерлерінің саны кемінде 250 адамды құрайтын салық төлеушілер жатады.                                                                                                

Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесі, көрсетілген тізбе қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ұсынылған салықтық есептілік деректерінің негізінде қалыптастырылады және оны уәкілетті орган көрсетілген тізбе қолданысқа енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді. Ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеуші таратылған жағдайда, сондай-ақ соттың оны банкрот деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап осы салық төлеуші ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізбесінен шығарып тасталған деп танылады.

Дата публикации
26 июня 2021
Дата обновления
26 июня 2021
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
13 сентября 2026
Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады
Пайдалы ақпарат
13 сентября 2026
Сыра өнімдерінің айналымының жаңа қағидалары: 1 қыркүйектен бастап шыны ыдыстарды сыраны таңбалау енгізіледі
Пайдалы ақпарат
13 сентября 2026
Мүлік салығы: жеңілдігі бар азаматтардың тізбесі және босату шарттары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы