Меню

Страницы

Статья

Tax Free пилоттық жобасы жұмыс істеуде

Қазақстанда Tax Free пилоттық жобасы жүзеге асырылуда (ҚР Қаржы министрінің 2026 жылғы 4 маусымдағы № 363 бұйрығы). 

Tax Free ЕАЭО-ға кірмейтін елдердің азаматтары болып табылатын шетелдік туристерге, егер тауарлар ЕАЭО бажы аумағынан тыс жерлерге тікелей шығарылса, Қазақстанда сатып алынған тауарлар үшін қосылған құн салығының сомасын қайтаруға мүмкіндік береді. 

Жобаға қатысуға стационарлық сауда объектілерінде азық-түлік емес тауарларды сататын ҚҚС төлеушілері — кәсіпкерлер шақырылады. Жоба Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Балқаш, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен (Қатонқарағайды қоса алғанда), Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақмола облысының Бурабай кентінде қолданылады. 

Бизнес үшін жүйеге қосылу және оны пайдалану толығымен тегін. Tax Free-ге қатысу шетелдік сатып алушыларды тартуға, орташа чекті арттыруға, сату көлемін ұлғайтуға және халықаралық деңгейдегі сервис есебінен дүкенді бәсекелестер арасында ерекшелеуге көмектеседі. 

Шетелдік туристер өтемақыны бір чекте 10 АЕК-тен басталатын (2026 жылы 43 250 теңге) азық-түлік емес тауарларды сатып алған кезде ала алады. Сатып алу кезінде сатушы ҚҚС бөліп көрсетілген кассалық чек негізінде қағаз немесе электрондық түрде «Tax Free» құжатын береді, ал сатып алушыға қаражатты қайтаруды жүйе операторы жүзеге асырады. 

Жобаға қосылу үшін бизнеске taxfree.kz немесе globalblue.com сайттарында Tax Free операторларымен шарт жасасу жеткілікті. 

Нормативтік бұйрықпен ҚР НПА ЕКБ (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкі) порталында (zan.gov.kz/client/#!/doc/226045/kaz), сондай-ақ ҚР Қаржы министрлігі мен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайттарында келесі сілтемелер бойынша толығырақ танысуға болады: 

https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/1026619?lang=kk, https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/1026619?lang=ru, 

https://www.gov.kz/memleket/entities/minfin/documents/details/1026619?lang=en  

https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/documents/details/1026657?lang=kk 

https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/documents/details/1026657?lang=ru 

https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/documents/details/1026657?lang=en

Дата публикации
13 сентября 2026
Дата обновления
13 сентября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
13 сентября 2026
Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады
Пайдалы ақпарат
13 сентября 2026
Сыра өнімдерінің айналымының жаңа қағидалары: 1 қыркүйектен бастап шыны ыдыстарды сыраны таңбалау енгізіледі
Пайдалы ақпарат
13 сентября 2026
Мүлік салығы: жеңілдігі бар азаматтардың тізбесі және босату шарттары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы