Меню

Страницы

Статья

Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдануға өтініш беру Банк ЦентрКредит мобильді қосымшасы арқылы беруге болады

      Соттан тыс банкроттыққа өтінішті "БанкЦентрКредит" АҚ (bcc.kz) мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. Бұған дейін рәсім ХҚКО-ға  жеке жүгіну немесе eGov.kz порталы арқылы ғана қолжетімді болатын.

      Bcc.kz мобильді қосымшасындағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «Жеке тұлғалардың банкроттығы» қызметі іске қосылды.

Өтініш беру бойынша қадамдық нұсқаулық:

  1. kz қосымшасын ашып, «Мемлекеттік қызметтер» → «Қызметтер» бөліміне өтіңіз.
  2. «Жеке тұлғалардың банкроттығы» қызметін таңдаңыз.
  3. Қысқаша ақпаратпен танысып, «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтініш» батырмасын басыңыз.
  4. Тіркелген мекенжайды растаңыз немесе қажет болса өзгертіңіз, содан кейін «Жалғастыру» батырмасын басыңыз.
  5. Мемлекеттік кірістер органын көрсетіңіз, қажет болған жағдайда келесі бір немесе екі тармақты да белгілеңіз:
    • 6 ай бойы әлеуметтік көмек аламын
    • Міндеттемелерімді 5 жылдан аса уақыт орындамадым
  6. Өтініш беру шарттарымен сілтеме арқылы танысыңыз.
  7. Өтінішті жіберу үшін «Өтінімді жіберу» батырмасын басыңыз. Өтініш жіберілгеннен кейін мемлекеттік органның өтінішті қарау барысы туралы ақпарат шығады.
  8. Өтініштің мәртебесін «Тарих» бөлімінен қадағалауға болады.
  9. Өтініш сәтті өңделсе, пайдаланушы push-хабарлама алады, ал «Тарих» бөлімінде «Орындалды» мәртебесі және мемлекеттік органның сайтына сілтеме көрсетіледі.
  10. Назар аударыңыз: егер неке туралы куәлік болса, жұбайының/зайыбының келісуі қажет. Егер келісім ағымдағы күннің 23:59-ына дейін берілмесе, өтініш автоматты түрде жойылады.

    Бұл рәсімді тек «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес соттан тыс банкроттық рәсімінің талаптарына сәйкес келетін жеке тұлғалар ғана қолдана алатынын атап өтеміз.

Маңызды: сервисті пайдалану тегін, өтініш беру үшін комиссия өндіріп алынбайды.

Дата публикации
04 августа 2025
Дата обновления
11 сентября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
13 сентября 2026
Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады
Пайдалы ақпарат
13 сентября 2026
Сыра өнімдерінің айналымының жаңа қағидалары: 1 қыркүйектен бастап шыны ыдыстарды сыраны таңбалау енгізіледі
Пайдалы ақпарат
13 сентября 2026
Мүлік салығы: жеңілдігі бар азаматтардың тізбесі және босату шарттары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы