Меню

Страницы

Статья

Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау туралы

Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 шілдедегі № 124 шешімі

       Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 105-бабының 5-тармағына, 109-бабының 5-тармағына, 112-бабының 1 және 6-тармақтарына, 260-бабы 3-тармағының екінші абзацына және 263-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

  1. Қоса беріліп отырған:

       Жолаушыларға арналған кедендік декларацияның нысаны;

       Жолаушыларға арналған кедендік декларацияны толтыру және жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтердің өзгеруіне (толықтырылуына) байланысты кедендік декларацияларды жасау тәртібі бекітілсін.

  1. Мынадай:

      а) кедендік декларациялауға жататын жеке пайдалануға арналған өзге тауарлар болған кезде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылатын жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау жолаушыларға арналған кедендік декларацияның жеке бланкісін толтыру жолымен жүзеге асырылады;

      б) жеке пайдалануға арналған уақытша әкелінген көлік құралын Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) аумағынан әкету мақсатында кедендік декларациялаудан өткізген жағдайда, осындай көлік құралын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкелген кезде кеден органы ресімдеген қағаз жеткізгіштегі құжат түріндегі жолаушыларға арналған кедендік декларация пайдаланылуы мүмкін. Уақытша әкелінген көлік құралы жеке пайдалану үшін шығарылғаннан кейін Одақтың кедендік аумағынан шығару үшін жолаушыларға арналған осындай кедендік декларация декларантқа қайтарылады. Кедендік декларациялауға жататын, жеке пайдалануға арналған өзге тауарлар болған жағдайда, әкету мақсатында оларды кедендік декларациялау жолаушыларға арналған кедендік декларацияның жеке бланкісін толтыру жолымен жүзеге асырылады;

      в) 16 жасқа толмаған жеке тұлғалардың жеке пайдалануына арналған тауарлар туралы мәліметтер көрсетілген тұлғаларды ертіп жүретін тұлғалардың жеке пайдалануына арналған тауарлар туралы мәліметтермен бірге жолаушыларға арналған бір кедендік декларацияда көрсетіледі;

      г) жолаушыларға арналған кедендік декларацияны қағаз жеткізгіште беру кеден органына оның электрондық нұсқасын берумен (соның ішінде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылатын, жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау кезінде жолаушыларға арналған кедендік декларацияны пайдаланған жағдайда) қоса жүрмейді;

      д) егер Одаққа мүше мемлекеттердің тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарында есепке қоюға (тіркеуге) жататын, жеке пайдалануға арналған тауарлар туралы мәліметтерді және (немесе) жеке пайдалануға арналған осындай тауарларға қатысты мәліметтерді өзгерту (толықтыру) қажет болса, жеке пайдалануға арналған тауарларды шығарғаннан кейін жолаушыларға арналған кедендік декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) жүргізіледі деп белгіленсін.

  1. Мыналардың:

      Кеден одағы Комиссиясының "Жолаушыларға арналған кедендік декларацияның нысанын және жолаушыларға арналған кедендік декларацияны толтыру тәртібін бекіту туралы" 2010 жылғы 18 маусымдағы № 287 шешімінің;

      Кеден Одағы комиссиясының шешімдеріне енгізілген өзгерістердің 1-тармағының (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 7 шешіміне қосымша);

       Кеден одағы Комиссиясының жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастыру кезінде оларды кедендік декларациялау мәселелері жөніндегі шешімдеріне енгізілген өзгерістердің 1-тармағының (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 18 шілдедегі № 115 шешіміне қосымша);

       Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 38 шешімінің 2-тармағы екінші абзацының және Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілген өзгерістердің 3-тармағының (көрсетілген Шешімге қосымша);

       Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдеріне енгізілген өзгерістердің 3-тармағының (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 129 шешіміне қосымша);

       Кеден одағы Комиссиясының шешімдеріне енгізілген өзгерістердің 1-тармағының (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 14 қарашадағы № 148 шешіміне қосымша) күші жойылды деп танылсын.

       4. Осы Шешім, осы Шешіммен бекітілген Тәртіптің 41 – 57, 59 және 61-тармақтарын қоспағанда, 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.

       Осы Шешіммен бекітілген Тәртіптің 41 – 57, 59 және 61-тармақтары 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап күшіне енеді.

Дата публикации
01 августа 2025
Дата обновления
11 сентября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
13 сентября 2026
Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады
Пайдалы ақпарат
13 сентября 2026
Сыра өнімдерінің айналымының жаңа қағидалары: 1 қыркүйектен бастап шыны ыдыстарды сыраны таңбалау енгізіледі
Пайдалы ақпарат
13 сентября 2026
Мүлік салығы: жеңілдігі бар азаматтардың тізбесі және босату шарттары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы