Меню

Страницы

Статья

Зейнеткерлер мүлік салығынан босатылған ба?

Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес бөлек тұратын зейнеткерлер заңды мекенжайы (олардың тұрғылықты мекенжайы) бойынша тек қана зейнеткерлер тіркелген барлық салық салу объектiсінiң жалпы құнынан айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде босатылады. Есептеу барысында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткiш мөлшері қолданылады.

Сонымен қатар, келесі тұлғалар да жеке тұлғалардың мүлік салығынан:

         1) айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде – Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, «Батыр ана» атағымен және «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар;

         2) айлық есептік көрсеткiштің 1500 еселенген мөлшері шегiнде – Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ Салық кодексінің 526-бабының 2-тармағында белгіленген өзге де тұлғалар босатылады.

2023 жыл үшін мүлік салығын төлеу мерзімі 2024 жылдың 1 қазанында аяқталатынын еске саламыз.

 

Павлодар облысы бойынша МКД

түсіндіру жұмысы және Байланыс-орталығы басқармасы

 

Дата публикации
12 сентября 2024
Дата обновления
12 сентября 2024
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
13 сентября 2026
Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазанда аяқталады
Пайдалы ақпарат
13 сентября 2026
Сыра өнімдерінің айналымының жаңа қағидалары: 1 қыркүйектен бастап шыны ыдыстарды сыраны таңбалау енгізіледі
Пайдалы ақпарат
13 сентября 2026
Мүлік салығы: жеңілдігі бар азаматтардың тізбесі және босату шарттары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы