«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
жалпы конкурс туралы хабарландыру
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаменті
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.03.2026 - 15.03.2026
Қабылдау 1 этап: 16.03.2026- 18.03.2026
Қабылдау 2 этап: 20.03.2026
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 21.03.2026
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
31.03.2026
Практикалық бағалау 1 кезең: 03.04.2026
Практикалық бағалау 2 кезең: 04.04.2026
Практикалық бағалау 3 кезең: 05.04.2026
Анықтама телефоны: 87182535437
C-O-6 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаменті ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру
басқармасы экспорттық бақылау бөлімінің жетекші маманы, C-O-6 (Лауазым
мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер
комитетінің, Департамент басшылығының, басқарманың тапсырмаларын
белгіленген тәртіпте және мерзімде орындау; бюджетке жанама салықтардың
түсімдерін және сыртқыэкономикалық қызметке қатысушылардың қызметіне
тиімді бақылауды жоғарлату бойынша басқарма басшысына ұсыныстарды
енгізу; өз жұмысында Қазақстан Республикасының заңдары мен заңнамалық
актілерін, облыстық Департаметінің бұйрықтарын, өкімдерін және осы
қызметтік Нұсқаулықты басшылыққа алу; бақылауға лицензияны/рұқсат беруді
қою туралы СЭҚҚ-дан өтініштерді қабылдауды жүзеге асыру; лицензия/рұқсат
беру есебінен өнімнің санын есептен шығаруды жүргізу; экспорттық бақылауға
жататын өнімді Еуразиялық экономикалық одағының кеден шекарасымен
сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы
өтуі үшін бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының аумағына
үшінші елдерден әкелінетін тауарлардың, оларға қатысты баждардың төмен
мөлшерлемесі қолданылатын, сондай-ақ аталған мөлшерлемелерінің көлемін
(тізімдегі тауарлар), тауарлардың шығаруын болдырмау мәселесі бойынша
Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық келісім-
шарттарды іске асыруға қабылданған Қазақстан Республикасының
міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету; ««ҚТЖ ҰК»АҚ-нан алынған
ақпаратқа сәйкес т/ж көлігімен тасымалданатын өнімге бақылауды жүзеге
асыру; пост-бақылау кезеңінде бақылауды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
экспорттық бақылауға жататын өнімнің Мемлекеттік шекарасы арқылы өту
мәселелері бойынша экспорттық бақылау қызметінің өткізу пунктеріне
көшпелі тексерістерді жүргізу; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетіне, құқық қорғау, сот, бақылаушы және басқа
мемлекеттік органдарына, сондай-ақ азаматтардың, кәсіпорындар мен
ұйымдардың сұрау салуларына ақпаратты сапалы және дер кезінде ұсыну.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі
білім: менеджмент, кеден ісі, құқықтану, экономика, қаржы, есеп және аудит,
мемлекеттік және жергілікті басқару, бухгалтерлік іс және салық салу, құқық
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе орта білімнен
кейінгі білім;
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.