«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15.01.2026 - 17.01.2026
Қабылдау 1 этап: 19.01.2026- 21.01.2026
Қабылдау 2 этап: 23.01.2026
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 24.01.2026
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
28.01.2026
Сұхбат: 02.02.2026
Анықтама телефоны: 87019166163
C-O-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 380391
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Өндірістік емес төлемдер басқармасы уәкілетті органдармен жұмыс бөлімінің басшысы, C-O-4 (Лауазым мәртебесі:
Бос)
Функционалдық міндеттері:
ҚМ МКК, Департамент басшысының, Басқарма басшысының қарауға келіп түскен тапсырмалардың уақытылы, сапалы орындалуын қамтамасыз ету; салықтөлеушілердің тіркеу есебіне қоюын жүзеге асыратын өкілетті органдарымен әрекеттесуді қамтамасыз ету және бірлескен іс-шараларды қабылдау; жұмыс үшін қажетті мәліметтерді және материалдарды құрылымдық бөлімшелерден алуды қамтамасыз ету; өндірістік төлемдерді әкімшілендіру үшін өкілетті органдарымен деректер қорын дер кезінде ұсынуына бақылауды жүзеге асыру; өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бойынша жұмысты ұйымдастыру; салықтардың дұрыс есептеуі мақсатында өндірістік емес төлемдер бойынша өклетті органдардың мәліметтерін актуализациялау бойынша жұмысты ұйымдастыру; басшылық ететін өндірістік емес төлемдер бойынша ақпараттық базаны қалыптастыру; өкілетті органдардың мәліметтер деректерінің қалыптастырылған қорына және салықтөлеушілердің салықтық есебінің нысанына сәйкес өндірістік емес төлемдер, өсу қарқыныны қамтамасыз ету, мақсатты көрсеткіштерді орындау бойынша түсімдерді қамтамасыз ету бойынша бақылауды жүзеге асыру; өндірістік емес төлемдер бойынша болжамды орындауды қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдау бойынша ұсыныстарды құрастыру; заңнамалық және нормативтіқұқықтық актілерге өзгерістер мен толықтыруларды енгізу бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ өндірістік емес төлемдердің ұлғаюы үшін перспективті бағыттарды құрастыруға қатысу; аумақтық мемлекеттік кірістер басқармасының жүргізген кешенді және тақырыптық тексерістеріне қатысуға; белгіленген есептің уақытында толтырылуын қамтамасыз етуге; уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың салық заңнамасын сақтау мәселелері бойынша қызметтеріне бақылауды жүзеге асыруға, «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы «ҚР Кодексінің 570-бабына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хатамалардың уақытында толтырылуын қамтамасыз етуге; аумақтық мемлекеттік кірістер басқармасына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсетуге; Басқарма жұмыскерлерінің арасында сыбайлас қылмыстық пен сыбайлас құқық бұзушылық фактілерінің алдын алу және болдырмау жұмысын жүргізу.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: менеджмент, құқықтану, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.