«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 02.10.2025 - 08.10.2025

Қабылдау 1 этап: 09.10.2025- 13.10.2025

Қабылдау 2 этап: 15.10.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу): 16.10.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:

19.10.2025

Сұхбат: 22.10.2025

Анықтама телефоны: 87182 53 54 37

C-O-6 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 208062

            (Лауазымдық    жалақы    нақты    қызметкердің    жұмыс    өтіліне

байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Лауазым атауы:

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ЕАЭО шеңберінде ҚҚС әкімшілендіру басқармасы экспорттық бақылау бөлімінің жетекші маманы, C-O-6 (Лауазым мәртебесі: Бос)

Функционалдық міндеттері:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Департамент басшылығының, басқарманың тапсырмаларын белгіленген тәртіпте және мерзімде орындау; бюджетке жанама салықтардың түсімдерін және сыртқыэкономикалық қызметке қатысушылардың қызметіне тиімді бақылауды жоғарлату бойынша басқарма басшысына ұсыныстарды енгізу; өз жұмысында Қазақстан Республикасының заңдары мен заңнамалық актілерін, облыстық Департаметінің бұйрықтарын, өкімдерін және осы қызметтік Нұсқаулықты басшылыққа алу; бақылауға лицензияны/рұқсат беруді қою туралы СЭҚҚ-дан өтініштерді қабылдауды жүзеге асыру; лицензия/рұқсат беру есебінен өнімнің санын есептен шығаруды жүргізу; экспорттық бақылауға жататын өнімді Еуразиялық экономикалық одағының кеден шекарасымен сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтуі үшін бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден әкелінетін тауарлардың, оларға қатысты баждардың төмен мөлшерлемесі қолданылатын, сондай-ақ аталған мөлшерлемелерінің көлемін (тізімдегі тауарлар), тауарлардың шығаруын болдырмау мәселесі бойынша Қазақстан Республикасымен ратификацияланған халықаралық келісімшарттарды іске асыруға қабылданған Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету; ««ҚТЖ ҰК»АҚ-нан алынған ақпаратқа сәйкес т/ж көлігімен тасымалданатын өнімге бақылауды жүзеге асыру; пост-бақылау кезеңінде бақылауды жүзеге асыруды ұйымдастыру; экспорттық бақылауға жататын өнімнің Мемлекеттік шекарасы арқылы өту мәселелері бойынша экспорттық бақылау қызметінің өткізу пунктеріне көшпелі тексерістерді жүргізу; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне, құқық қорғау, сот, бақылаушы және басқа мемлекеттік органдарына, сондай-ақ азаматтардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың сұрау салуларына ақпаратты сапалы және дер кезінде ұсыну.

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім: менеджмент, кеден ісі, құқықтану, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, бухгалтерлік іс және салық салу, құқық

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім немесе орта білімнен

кейінгі білім; жұмыс өтілі талап етілмейді.

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

Бағалаушы ретінде конкурстарға қатысуға ниет білдірген тұлғалар интернет-порталда авторлануы тиіс eqyzmet.gov.kz.

Бағалаушы-бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар немесе басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері.

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
03 октября 2025