«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 11.09.2025 - 17.09.2025
Қабылдау 1 этап: 18.09.2025- 22.09.2025
Қабылдау 2 этап: 24.09.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу): 25.09.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
28.09.2025
Сұхбат: 01.10.2025
Анықтама телефоны: 87182 53 54 37
C-O-5 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 236338
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Өндірістік емес төлемдер басқармасы аСР әкімшілендіру бөлімінің бас маманы, C-O-5 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Төлем көзінен алынбайтын жеке табыс салығы төлеушілер бойынша толық база құрып және оны реттеу үшін қажетті шараларды қолданып (камералдық бақылау рәсімдерінің тізімін қолдана отырып), төлем көзінен алынбайтын жеке табыс салығы бойынша жай-күйі жөнінде анық және оперативті талдау жүргізу;Шаруа/фермерлік қожалығы, АШӨӨ заңды тұлғалардың толық база құрып және оларды әкімшілендіру, төлем көзінен алынбайтын жеке табыс салығы және бірыңғай жер салығы бойынша жай-күйі жөнінде анық және оперативті талдау жүргізу;Салық есептілігі бойынша камералдық бақылау рәсімдерін қолмен (ҚКБ) рәсімдеу (камералдық бақылау бөлімінің бағыттары: бірыңғай жер салығы, төлем көзінен алынбайтын жеке табыс салығы, АСР); Төлем көзінен алынбайтын жеке табыс салығы және бірыңғай жер салығы бойынша түскен түсім, берешек және артық төлем бойынша талдау жүргізу; Жеке сұрақтар бойынша және хронометраждық бақылау бойынша өз құзыреті шегінде мемлекеттік кірістер басқармаларының тематикалық салық тексерістерін тағайындау және өткізу жұмыс қадағалау, ұйымдастыру;Құзыреті шегінде уәкілетті органдармен өзара әрекет ету, уәкілетті және басқа да мемлекеттік органдармен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру бойынша дайындықты жүзеге асыру; Жүктелген сұрақтары бойынша жиналыс жүргізу және дайындау; Құқық қорғау, сот, бақылау және мемлекеттік органдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы Министірлігі Мемлекеттік кірістер комитеті талап ететін ақпаратты сапалы және уақытылы ұсынуын қамтамасыз ету; Мекемелердің, азаматтардың жазбаша үндеулерін қарастыру;Қажетті кезде ҚР «Құқық бұзушылықты әкімшіліктендіру туралы» Кодексінің ережелеріне сәйкес әкімшілік құқық бұзғандығы жөнінде хаттаманы құру.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: менеджмент, құқықтану, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
Бағалаушы ретінде конкурстарға қатысуға ниет білдірген тұлғалар интернет-порталда авторлануы тиіс eqyzmet.gov.kz.
Бағалаушы-бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар немесе басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері.