«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 27.08.2025 - 03.09.2025
Қабылдау 1 этап: 04.09.2025- 08.09.2025
Қабылдау 2 этап: 10.09.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу (Іріктеу): 11.09.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
14.09.2025
Сұхбат: 19.09.2025
Анықтама телефоны: 87019166163
C-O-5 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 208062
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Ұйымдастыру-қаржы басқармасы ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы, C-O-5 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Электрондық пошта арқылы келіп түскен құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асыруға және кіріс және шығыс құжаттардың электрондық базасына енгізу; тоқсан сайын облыстың аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының деректерін ескере отырып, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» No 1-ОЛ нысаны бойынша акт жасайды; Департаментке келіп түскен құжаттарды уақтылы қабылдауды, есепке алуды, басшылықтың қарауына дайындауды және олардың тиісті адресаттарына жіберуді қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен, әкімдіктермен және аумақтық мемлекеттік департаменттермен хат алмасуды бақылайды. Павлодар облысы бойынша кірістер мемлекеттік тілде; азаматтардың өтiнiштерiне және басқа да құжаттарына мемлекеттiк тiлде жауаптардың берiлуiн бақылауды жүзеге асыру; істер номенклатурасы бойынша ұйымдастыру бөліміне құжаттарды қалыптастыру және оларды мұрағатқа тапсыруға дайындау; Бланкілерді, тапсырыс бланкілерін пайдалану бойынша есеп жүргізу және есеп беру.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: менеджмент, құқықтану, іскерлік әкімшілік жүргізу, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
Бағалаушы ретінде конкурстарға қатысуға ниет білдірген тұлғалар интернет-порталда авторлануы тиіс eqyzmet.gov.kz.
Бағалаушы-бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар немесе басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері.