«Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу»

«Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы «Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 10 бабы 1)-тармақшасына сәйкес әзірленген және «Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Алматы, Астана және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсету тәртібін анықтайды.
  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).

 

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

  1. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы;

2) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін,
 сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында көрсетіледі.

Келу тәртібімен – көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесімен қабылданады және көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды өңдеуге жауапты құрылымдық бөлімшесіне беріледі.

Электронды түрде – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы салықтық өтініш портал арқылы қабылданады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы»
2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Кеден кодексі) 497 бабына сәйкес құжаттарды ұсынады.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды және мәліметтерді талап етуге жол берілмейді.

Құжатты қабылдаған тұлғаның аты-жөні, фамилиясы, қолы қойылған, қабылдау күнін, уақытын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің өтініш көшірмесіне белгі қою қабылдаудың растауы болып табылады.

Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебесі жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттар түскен күні ұсынылған құжаттарды қабылдайды, тексереді және тіркейді (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Көрсетілетін қызметті алушы Кеден кодексінің 497 бабының
2-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған, немесе 496 бабымен белгіленген талаптарға сай келмеген жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Тапсырылған құжаттар толық болған жағдайда құжаттарды өңдеуге жауапты тұлға өтінішті келіп түскен күнінен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде қарайды және кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы немесе кеден өкілдерінің тізіліміне енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Шешiм көрсетілетін қызметті беруші басшысының не оны алмастыратын адамның, әлде көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығымен ресiмделедi.

Заңның 5 бабы 2-тармағының 11)-тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі немесе Кеден кодексінің 490 бабында көрсетілген жағдайлар және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап қағаз жеткізгіште беріледі.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету үшін қажет ақпараттарды сақтайтын ақпараттық жүйелер істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті берушілер істен шыққан уақыттан бастап 30 (отыз) минут ішінде электронды пошта арқылы e-okno@mgd.kz қолдау қызметіне сұрау жолдайды, онда мемлекеттік көрсетілетін қызмет атауы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға берген өтініштің тіркеу нөмірі, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН), көрсетілетін қызметті алышуның атауы, жүйелі және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің нұсқасы көрсетіледі және қатеге әкеліп соққан әрекеттер тізбегі мазмұндап берілуі қажет.

 

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

  1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;

салықтардың және бюджетке төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысының атына;

мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25 бабы 2-тармағына сәйкес оның тіркелген күнінен бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Заңның 4 бабы 1-тармағы 6)-тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
 
«Кедендік тасымалдаушылардың тізіліміне енгізу»
Дата публикации
06 июня 2021