Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен жоғары сапасын қамтамасыз ету мемлекеттік кірістер органдары қызметінің басты басымдықтарының бірі болып табылады. Сервистерді цифрландыру жағдайында өңір салық төлеушілері қажетті қызметтерді тез, ашық әрі артық әкімшілік кедергілерсіз алады.
Бүгінгі таңда Павлодар облысында 740 мыңнан астам салық төлеуші тіркелген. Оның ішінде 18 мыңға жуығын заңды тұлғалар, ал 45 мыңға жуығын жеке кәсіпкерлер құрайды.
Есепті кезеңде өңірдің мемлекеттік кірістер органдары 280 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті.
Қызмет көрсету сапасының негізгі көрсеткіштері:
- Барлық салықтық қызметтердің 99,8%-ы мамандандырылған онлайн-сервистер мен мемлекеттік органдардың порталдары арқылы электронды түрде көрсетілді;
- Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу 0% деңгейінде тіркелді – барлық өтініштер заңнамада белгіленген уақыт шегінде қатаң өңделді.
Электрондық сервистерді дамыту және бизнес-процестерді оңтайландыру қызметтерді алу уақытын едәуір қысқартуға, адами факторды жоюға және азаматтар мен бизнес өкілдері үшін барынша қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік кірістер органдары салықтық әкімшілендіруді жетілдіру және халықтың мемлекеттік сервистерге деген сенім деңгейін арттыру бағытындағы жұмысты әрі қарай жалғастыруда.