«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
жалпы конкурс туралы хабарландыру
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаменті
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 12.05.2026 - 13.05.2026
Қабылдау 1 этап: 12.05.2026- 13.05.2026
Қабылдау 2 этап: 14.05.2026
Практикалық бағалау: 15.05.2026
Анықтама телефоны: 87182535437
C-O-5 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаменті ақпараттық технологиялар басқармасының
бас маманы, C-O-5 (Лауазым мәртебесі: Уақытша бос)
Функционалдық міндеттері:
Бағдарламалық қамтамасыз етуін енгізу және оның үздіксіз жұмыс істеуін
жүзеге асыру;Келіп түскен Депратамент басшылығының тапсырмаларын
белгіленген тәртіп пен мерзімдерде орындауды қамтамасыз етуге;АТБ-ның
құзыретіне қатысы бар мәселелер бойынша хаттарды, азаматтардың өтініштері
мен арыздарын қарауға;АТБ-ның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша
мемлекеттік органдардың және басқа да заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
ҚР БСАЖ, СААЖ, АКЦИЗ АЖ, УКМ, РНИОН серверлерді және
бағдарламалық қамтамасыз етуді әкімшілдік ету; ҚР БСАЖ, АКЦИЗ АЖ,
РНИОН бағдарламаларында қолданушыларды тіркеу (есеп жазбаларын жасау
және жою, парольды иелендіру); Қазынашылық, К2 ақпараттық жүйелерді
жанамалау;Есептеу желілері мен есептеу техникалары құралдарына
техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға, ақауларды уақытылы анықтау
мақсатында тестілік тексеріс жүргізуге; Локальді желілерге санкцияланбаған
қолжеткізуден ақпараттарды қорғауды ұйымдастыруға; Компьютерлер мен
коммуникациялық құралдарды пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы
қағидаларының сақталуын бақылауға;Компьютерлер іске қосылмаған және
істен шыққан кезде ақпараттардың сақталуын қамтамасыз ету үшін
ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауға; Ақауларды
уақытылы анықтау мақсатында компьютерлік және басқа да техникаларға
тестілік тексеріс жүргізуге; Ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету
саласында бірыңғай саясатты қамтамасыз етуді сақтау; Вирусқа қарсы іс-
шараларды ұйымдастыруға; Құрылымдық бөлімшелерге тексерістер жүргізуге
және әдістемелік және практикалық көмек көрсетуге қатысуға; АТБ
жұмысының жоспарларын әзірлеуге қатысуға және орындалуын қамтамасыз
етуге; Жариялауға шектеу қойылған қызметтік ақпараттарды қорғау, қызметтік
міндеттерін орындау кезінде алған мәліметтерді сақтау және жарияламау
бойынша барлық талаптарды орындауға.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: радиотехника,
электроника және телекоммуникациялар, математикалық және компьютерлік
модельдеу, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері, ақпараттық жүйелер, есептеу
техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, информатика, математика-
Информатика, физика-Информатика
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.