«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 24.04.2026 - 27.04.2026
Қабылдау 1 этап: 24.04.2026- 27.04.2026
Қабылдау 2 этап: 28.04.2026
Эссе: 29.04.2026
Сұхбат: 04.05.2026
Анықтама телефоны: 87182535437
C-R-1 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 441254
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақсу қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, C-R-1 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің міндеттері мен шешімдерін, мемлекеттік кірістер департаменті басшысының бұйрықтары мен өкімдерін, мемлекеттік кірістер басқармасы жұмысын ұйымдастыру мен басшылығын іс жүзіне асыруды қамтамасыз етеді, мемлекеттік кірістер басқармасына жүктелген міндеттерді орындауға дербес жауапкершілікті және өз қызметін алып жүреді. Болжам көрсеткіштерін орындау, салық қарызын және бюджетке басқа міндетті төлемдердің түсуі үшін қажетті жағдайды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік кірістер басқармасы жұмысшыларымен сыбайлас жемқорлық істерді алдын алу, қызмет бабын теріс пайдалануы, сыбайлас жемқорлықты жою бойынша шаралар қабылдайды. Өкілеттігі шегінде қолданыстағы ҚР заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: менеджмент, құқықтану, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1)жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төмен тұрған санаттағы немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, E-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.