
1993 жылы туған. Жоғары экономикалық, заң білімісондай – ақ, экономика және бизнес магистрлік дәрежесі бар.
Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 10 жылдан астам, оның ішінде 4 жылдан астам басшылық лауазымда.
Еңбек қызметі
2015 жылдың желтоқсанынан бастап Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салықтық бақылау бөлімінің бас маманықызметіне тағайындалды.
2017 жылдың маусымынан бастап Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы акциздерді әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеді.
2017 жылдың тамызынан бастап Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Аудит бпсқармасы САЭБ бөлімнің бас маманы қызметін атқарды.
2018 жылдың қыркүйегінен бастап Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Аудит басқармасы 1 аудит бөлімінің бас маманы қызметіне ауысты.
2021 жылдың ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ірі салық төлеушілер департаменті Ірі салық төлеушілер басқармасының бас сарапшысы қызметіне тағайындалды.
2022 жылдың шілдесінен бастап Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Өңдіріп алу бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.
2022 жылдың желтоқсанынан бастап Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Ертіс ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
2026 жылдың қазан айынан бастап Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Ведомстволық наградалар
"Мемлекеттік кірістер органдарына 10 жыл" мерекелік төсбелгісімен марапатталған.