Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 20__ жылғы «__» ________ №__ бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының 2020 – 2022 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
1-бөлім. Миссиясы және пайымдауы
Миссиясы. Өз міндеттемелерін түсінікті және қолайлы орындау үшін қоғамға сапалы қызмет көрсету.
Пайымдауы. Салық төлеушілер, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тарапынан да, фискалдық органдар қызметкерлері тарапынан да мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерін пайдаланушылардың қанағаттануының жоғары деңгейі.
2-бөлім Ағымдағы жағдайды талдау
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы және Президент Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауларының мәтінінде Комитет қызметіндегі негізгі басымдылықтар қоғамның мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне қанағаттану деңгейін арттыру, бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттің мүдделерін қорғау болып табылады.
Мемлекеттік кірістер органдарының Тарихи бірінші кезектегі міндеті бюджетке салықтар мен төлемдердің толық түсуін қамтамасыз ету болып табылады, бұл ретте бизнеспен әріптестік қатынастарды дамыту жөніндегі міндет маңызды.
Заңнаманы ерікті сақтау деңгейін арттыру, мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл кезінде бизнес субъектілері мен халықтың уақыт және қаржылық шығындарын қысқарту үшін электрондық сервистерді дамыту, мемлекеттік кірістерді әкімшілендіру процестерін автоматтандыру және бақылау функцияларын кейіннен қашықтықтан мониторингке көшіре отырып, байланыссыз бақылау әдістерін енгізу қажет.
Өзара іс-қимыл тетігі мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимыл стратегиясына бағытталған, онда бизнес-қауымдастықпен ынтымақтастықты және диалогты дамытудың негізін қалаушы қағидаттары айқындалған.
Қазақстанның жаһандық мақсатына қол жеткізу және қанағаттанудың ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету - 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатында Комитет 3.0 Мемлекеттік қаржыларды жаңғырту шеңберінде Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы елдерінің деңгейіне дейін салықтардың жиналуын арттыру жөніндегі жобаны және Дүниежүзілік банкпен бірлесіп салықтық әкімшілендіруді реформалау жобасын іске асыруда.
Жобалар шеңберінде Комитет қызметінде ақпараттық жүйелер кешенін енгізу, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерін интеграциялау, тауарларды таңбалаудың және құжаттық және физикалық қадағалаудың ұлттық жүйесін енгізу көзделеді.
Бастамаларды іске асыру, атап айтқанда, салықтық және кедендік ақпараттық жүйелерді интеграциялау, салықтық және кедендік әкімшілендірудің ашықтығына, әкімшілік кедергілерді және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың уақытша шығындарын төмендетуге алып келеді.
Көлеңкелі экономика ел экономикасын тежейтін, сыбайлас жемқорлық ортаға ұшырататын және өзара сенім жоғалатын, өзара іс-қимыл қағидаттары бұзылатын мемлекет пен қоғам арасындағы байланыстың теңсіздігіне және бұзуылуына әкеп соғатын елдің экономикалық қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіреді.
Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіруге, бұзушылықтардың жоғары қаупі бар аймақтарда назар аударуға, ақпараттық жүйелерден мәліметтерді пайдалана отырып қашықтықтан мониторингке екпінді ауыстыруға және қолма-қол ақшасыз төлемдерді бір мезгілде ынталандыра отырып, салықтық міндеттемелерді ерікті орындау қағидаттарын кеңейтуге назар аудару қажет.
Осы кешенді шаралардың барлығы мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына қанағаттану деңгейін арттырады, мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы үшін негіз жасайды, бұл нәтижесінде салықтық және кедендік міндеттемелер туралы хабардар болу деңгейіне оң әсер етеді және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің еріктілік деңгейінің өсуіне алып келеді.
3-бөлім. Комитеттің басым бағыттары мен мақсаттары
Комитет алдында тұрған міндеттерді тиімді іске асыру үшін, қызмет көрсету парадигмасын түбегейлі өзгертетін заманауи технологиялық трендтерді ескере отырып, жаңа салалар мен бағыттардың пайда болуы үшін Комитеттің қызметін фискальдан клиентке бағытталған қызметке қайта бағдарлау қажет.
Интеграциялық үдерістерді жеделдету, кірістерді әкімшілендіруде кешенді тәсілді қолдану, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру, бизнесті тіркеуден бастап таратуғаға өтініш бергенге дейін барлық процесінде клиенттердің қанағаттануының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін негіз ретінде мемлекеттік кірістер жоғары тиімді қызметін құруды бастау ретінде Комитеттің ұйымдастыру құрылымы қайта қаралды.
Миссияны жүзеге асыру үшін Комитет салық төлеушілерді, олардың Комитеттің стратегиялық картасында көрсетілген міндеттемелерді орындауға тәртібі бойынша санаттау моделін қолданды.
Осы стратегиялық картаны қолдану Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің стратегиялық бағдарламалық құжаттарында (Мемлекет басшысының Жолдаулары, мемлекеттік бағдарламалар, Қазақстан Республикасын дамытудың негізгі стратегиялық индикаторлары және т.б.) айқындалған міндеттерге толық сәйкес келеді, сондай-ақ бизнес-қауымдастықпен әріптестік құруға және Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының имиджін арттыруға ықпал ететін болады.
4-бөлім. «Стратегиялық мақсаттар мен нысаналы индикаторлар»
|
р/с № |
Нысаналы индикатор |
Өлшем бірлігі |
2019 жылға нақты |
Жоспарлы кезең |
Жауапты орындаушылар |
||
|
2020 |
2021 |
2022 |
|||||
|
1-стратегиялық бағыт. Корпоративтік басқару жүйесін енгізу |
|||||||
|
1.1-мақсат. «Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін үнемі арттыру және ынталандырумен, кәсіби аппаратын дамыту» |
|||||||
|
1. |
МКО жүйесінде сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту |
% |
10 |
10 |
10,5 |
10,5 |
КжІӘД (ПЖБ) |
|
2. |
Мемлекеттік кірістер органдарының біліктілігін арттырудан өткен қызметкерлерінің үлес салмағы |
% |
30 |
30 |
32 |
35 |
КжІӘД (ПЖБ) |
|
3. |
Ынталандыру жұмыстарының үлес салмағы (қызметкерлерді ынталандыру) |
% |
10 |
12 |
15 |
17 |
КжІӘД (ПЖБ) |
|
4. |
МКО қызметкерлерінің жұмысқа қабілетті азаматтар санына үлес салмағы |
% |
0,13 |
0,127 |
0,127 |
0,121 |
КжІӘД (ПЖБ) |
|
2-стратегиялық бағыт. ІТ- инфрақұрылымды құру |
|||||||
|
2.1-мақсат. «Отандық IT-құрылымның салауатты әлеуетін құру үшін ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік кірістер органдарының тиімділігі жоғары жүйелері» |
|||||||
|
1. |
МКК порталында сұрау салуларды өңдеу |
млн. |
2 |
5 |
6 |
7 |
АТД (АЖСБ, АЖДБ) |
|
2. |
ҚҚС төлеушілер бақылау шоттарын пайдалану кезінде ҚҚС қайтару мерзімдерін қысқарту |
күн |
15 |
15 |
15 |
15 |
ӘкД (ҚҚСӘБ), АТД (АЖДБ) |
|
3. |
Салықтық өтініштердің орташа өңдеу уақытын қысқарту |
мин. |
240 |
210 |
180 |
30 |
АТД (АЖСБ, АЖДБ) |
|
4. |
СТ салықтық міндеттемелерді сақтауға жұмсалатын уақытын қысқарту |
сағ. |
182 |
175 |
170 |
120 |
МҚКД (МҚКБ), АТД (АЖСБ, АЖДБ) |
|
5. |
МКК СТК СЕН қабылдау кезінде жоғары өнімділікті қамтамасыз ету (бір мезгілде пайдаланушылардың саны) |
млн. пайдаланушылар |
0,015 |
0,5 |
1 |
1,5 |
АТД (АЖСБ, АЖДБ) |
|
3-стратегиялық бағыт. Клиенттердің хабардар болуын арттыру |
|||||||
|
3.1-мақсат. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметі туралы халықты жедел және сапалы ақпараттандыру» |
|||||||
|
1. |
Әлеуметтік желілерде кері байланыс (сұрақ-жауап) |
% |
40 |
95 |
98 |
100 |
КІӘД (БТХ) МКК барлық Басқармалары |
|
2. |
Youtube арнасында бейне түсіндірмелердің саны |
саны |
0 |
25 |
50 |
75 |
КІӘД (БТХ) |
|
3. |
Sms-хабарлама арқылы салықтық міндеттемелер туралы жеке тұлғаларды ақпараттандыру |
% |
30 |
70 |
90 |
95 |
КІӘД (БТХ) |
|
4. |
e-salyq мобильді қосымшаны пайдаланушылар саны |
мың |
30 |
50 |
70 |
100 |
КІӘД (БТХ), АТД (АЖСБ, АЖДБ) |
|
4-стратегиялық бағыт. Көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және оларды электрондық форматқа ауыстыру |
|||||||
|
4.1-мақсат. Қоғамның мемлекеттік кірістер органдарының қызметтеріне қанағаттануы |
|||||||
|
1. |
Автоматтандырылған мемлекеттік қызметтердің үлесі |
% |
71,2 |
85 |
90 |
95 |
МҚКД (МҚКБ) |
|
2. |
Кезекті күту уақытын қысқарту |
мин. |
25 |
20 |
15 |
14 |
МҚКД (МҚКБ) |
|
3. |
Салықтарды төлеу кезінде уқытты қысқарту |
мин. |
15 |
10 |
8 |
7 |
МҚКД (МҚКБ) |
|
4. |
Мемлекеттік кірістер органдарының жұмыс сапасын қанағаттанарлық бағалайтын салық төлеушілердің үлесі |
% |
60 |
63 |
66 |
69 |
МҚКД (МҚКБ) |
|
5. |
МКК Байланыс орталығының қызметтеріне азаматтардың қанағаттану үлесі |
% |
80 |
84 |
88 |
92 |
МҚКД (БОБ) |
|
5-стратегиялық бағыт. Тәуекелдерді басқару стратегиясы |
|||||||
|
5.1-мақсат. «Салықтық және кедендік әкімшілендіру үшін тәуекелдерді тиімді басқару» |
|||||||
|
1. |
Салықтық алшақтықты қысқарту (нақты төленген салықтардың сомасының төленуге тиіс салықтар сомасының арасындағы және 100 % көбейтілген қатынасы) |
%. |
18 |
17 |
16 |
15 |
ТСТБД |
|
2. |
Тауарларды тазарту кезеңінде ТБЖ қолдану тиімділігі |
% |
60 |
62 |
64 |
66 |
ТСТБД |
|
3. |
Көлеңкелі айналымдар болу тәуекелі бар салық төлеушілердің айналымын төмендету |
млрд. теңге |
600 |
550 |
450 |
400 |
ТСТБД |
|
6-стратегиялық бағыт. Бақылау рәсімдерін жетілдіру |
|||||||
|
6.1-мақсат. «Салықтық және кедендік әкімшілендірудің тиімділігін арттыру» |
|||||||
|
1. |
Салықтық әлеуеті |
% |
18,3 |
18,4 |
18,5 |
18,6 |
ТСТБД |
|
2. |
Салықтық тексерулердің тиімділігі |
% |
98 |
98,3 |
98,6 |
98,9 |
АД (САБ) |
|
3. |
Қашықтықтан мониторинг тиімділігі (камералдық бақылау шеңберінде анықталған, өндірілген соманың, есептелген сомаға, 100-ге көбейтілген қатынасы) |
% |
78 |
78 |
78 |
79 |
ӘкД (ҚМБ) |
|
4. |
Ақша қаражатымен өндіріп алу есебінен бересіні төмендетудің үлес салмағы |
% |
11 |
10 |
11,5 |
12 |
БДБЖБ |
|
5. |
Банкроттық рәсімдерді жүргізу мерзімдерін қысқарту |
ай |
18 |
17 |
16 |
16 |
БДБЖБ |
|
6. |
МКО 1 млн. фискалдық төлемдерді жинауға әкімшілік шығындарын төмендету |
% |
1 |
0,95 |
0,9 |
0,9 |
КІӘД (ҚҚБ), ТСТБД |
|
7. |
Сұрал салулардың саны (алдын-ала тексеру актілері), олар бойынша келіп түсетін сұрау салулардың жалпы санына есептеулердің азайтылуы немесе ішінара азайтылуы: |
х |
х |
х |
х |
х |
х |
|
7-1. |
Салықтық тексерулер бойынша |
% |
5 |
4,8 |
4,6 |
4,4 |
ӘД (АТАҚБ) |
|
7-2. |
Кедендік тексерулер бойынша |
% |
- |
10 |
8 |
6 |
АД (ТШККББ) |
|
8. |
Жеке тұлғалардың кірістері мен шығыстарын жалпыға бірдей декларациялауға қамту |
% |
- |
0 |
3,6 |
0 |
МҚКД (ЖДБ) |
|
9. |
Өткізу пункттерінде кедендік операциялардан өту уақытын қысқарту |
сағат |
2 |
2 |
1,5 |
1 |
БД (ТБ) |
|
10. |
ҚХР-мен кедендік статистика бойынша алшақтықтарды қысқарту |
% |
50,4 |
47,8 |
34 |
21 |
ТСТБД (ТСБ) |
|
11. |
Кедендік жете тексерудің тиімділігін арттыру, % (анықталған бұзушылықтар санының және КТжС өндірудің жүргізілген кедендік жете тексерудің жалпы санына қатынасы) |
% |
30 |
40 |
50 |
60 |
АО, ТСТБД, БД (КРӘТБ) |
|
12. |
Импорт көлеміне кедендік төлемдер мен салықтардың қатынасы ретінде алып қоюдың көрсеткіші |
% |
3,6 |
3,8 |
4 |
4,2 |
ӘД (КРжҚБ) |
|
13. |
УЭО институтының тиімділік көрсеткіші (тіркелген УЭО-дың СЭҚҚ жалпы санына қатынасы) |
% |
0,1 |
0,3 |
0,5 |
0,7 |
ӘД (КОБ) |
|
14. |
Жоғары тәуекел санатына жатқызылған СЭҚҚ санының жалпы санына қатынасы |
% |
20 |
18 |
16 |
14 |
ТСТБД |
|
15. |
Кеден ісі саласындағы әкімшілік істердің тиімділігі |
% |
91 |
92 |
94 |
96 |
БДБЖБ |
|
16. |
ҚХР жеңілдікті үкіметтік қарыз тарту шеңберінде 9 автомобиль және 1-ші темір жол өткізу пункттерін және МКК Ахуалдық орталығын (ДЕТ) қайта жаңарту және техникалық жарақтандыру («Алакөл», «Қалжат», «Майқапшағай», «Бақты», «Қапланбек», «Қазығұрт», «Атамекен», «Тәжен», «Темірбаба», «Достық») (2020-2023 ж.ж.) |
саны |
- |
- |
1 |
6 |
КІӘД (ТИБ) |
|
7-стратегиялық бағыт. Заңнамалық процестер және халықаралық ынтымақтастық |
|||||||
|
7.1-мақсат «Нормативтік-құқықтық негіздерді жетілдіру және халықаралық ынтымақтастықты нығайту» |
|||||||
|
1. |
BEPS 8, 9, 10 іс-әрекеттерінің шеңберінде ЭЫДҰ- ның ұсыныстарына талдау жүргізу |
Кол-во саны |
1 |
1 |
1 |
1 |
МБ |
|
2. |
Салықтық мақсаттар үшін ашықтық және ақпарат алмасу бойынша BEPS 5, 13, 14 іс-әрекеттері және Жаһандық форумның алқалық шолуы шеңберінде міндеттемелерді орындау |
Саны қажеттілігіне қарай |
1 |
- |
- |
- |
ІСТД (РЕССБ), МБ, ӘД (ЗТССӘБ) |
|
3. |
Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жөніндегі комитетінің өткізу пункттері арасындағы және кеден ісі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кіші комитеттің отырысын өткізу |
саны |
1 |
1 |
1 |
1 |
ХЫБ |
|
4. |
Салықтық жеңілдіктер мен преференцияларды оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу |
саны |
1 |
1 |
1 |
1 |
ӘД |
Ескертпе: аббревиатуралардың таратып жазылуы:
Debt-to-income - борышты басқару жөніндегі жүйенің жетілуі мен тиімділігін көрсететін халықаралық көрсеткіш
SMS-қатынас – қысқа хабарламалар қызметі;
ЖІӨ – жалпы ішкі өнім;
ДКедҰ – Дүниежүзілік кеден ұйымы;
БСАЖ – біріктірілген салық ақпараттық жүйесі;
АЖ – ақпараттық жүйе;
ИСНА – салықтық әкімшілендірудің біріктірілген жүйесі;
КТС – корпоративтік табыс салығы;
ҚХР – Қытай халық республикасы;
КЕАҚ – коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
ҚҚС – қосылған құн салығы;
СТ – салық төлеуші;
МКО – мемлекеттік кірістер органдары;
ЭЫДҰ – Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы.
ӨҰО – Өңірлік ұлттық орталығы;
ТБЖ – тәуекелдерді басқару жүйесі;
КТжС – кедендік төлемдер мен салықтар;
СЭҚҚ – сыртқы экономикалық қызметке қатысушы;
УЭО – уәкілетті экономикалық операторлар;
СЕН – салық есептілігінің нысаны;