Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы борышкердің кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыруға қабілетсіздігіне байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ берешекті қайта құрылымдау рәсімін, оңалту рәсімін қолдану және борышкерді банкрот деп тану, банкроттық рәсімін қозғамай тарату негіздерін, оларды жүргізу тәртібі мен шарттарын айқындайды. Заңның негізгі мақсаты – борышкер мен кредитордың мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ кредиторлардың талаптарын барынша қанағаттандыру болып табылады.

Заңның негізгі бағыттарының бірі – оңалту рәсімі. Ол борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған ұйымдастырушылық-шаруашылық, басқарушылық, инвестициялық, техникалық, қаржылық-экономикалық, құқықтық және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шаралар кешенін қамтиды. Оңалту рәсімі кәсіпорынның қызметін сақтауға, жұмыс орындарын қорғауға және өндірістік әлеуетті сақтауға мүмкіндік береді. Бұл рәсімнің негізгі құралы болып кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру кестесін және төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды қамтитын оңалту жоспары табылады.

Заңда банкроттық рәсіміне ерекше назар аударылады. Борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда банкроттық рәсімі қолданылады. Банкроттық – бұл сот шешімімен танылған борышкердің дәрменсіздігі және ол борышкерді таратуға негіз болып табылады. Банкроттық рәсімі банкроттың мүліктік массасы есебінен кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады. Заңда борышкерді банкрот деп танудың негіздері, банкроттық рәсімін жүргізу тәртібі және рәсімге қатысушылардың құқықтары мен міндеттері белгіленген.

Заңның маңызды бағыттарының бірі - кредиторлардың құқықтарын қорғау. Осы мақсатта кредиторлар талаптарының тізілімін қалыптастыру, кредиторлар жиналысын өткізу және кредиторлар комитетінің қызметін ұйымдастыру тәртібі көзделген. Кредиторлар оңалту және банкроттық рәсімдерінің барысындағы маңызды шешімдерді қабылдауға қатысады, әкімшінің қызметіне бақылау жүргізеді және рәсімдердің өткізілуі туралы ақпарат алуға құқылы.

Заңда борышкердің мәмілелерін жарамсыз деп тану мәселелері де кеңінен реттелген. Кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіру мақсатында жасалған, мүлікті жасыруға, активтерді өтеусіз беруге немесе жекелеген кредиторларға артықшылық беруге бағытталған мәмілелер сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін. Мұндай тетіктер борышкердің мүлкін қайтаруға және кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру мүмкіндігін арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар Заңда құрылтайшылардың және лауазымды адамдардың жауапкершілігіне ерекше мән берілген. Қасақана банкроттыққа жол берген, мүлікті жасырған, құжаттарды беруден жалтарған немесе заң талаптарын бұзған тұлғалар субсидиарлық жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Бұл құқықтық тетік заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге және кредиторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған. 

Заң уақытша әкімшілердің, оңалтуды басқарушылардың және банкроттық басқарушылардың қызметін де реттейді. Олар борышкердің қаржылық жағдайына талдау жүргізеді, мүлкі мен міндеттемелерін анықтайды, заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді және рәсімдерге қатысушылардың мүдделерін қорғайды. Әкімшілердің тиімді қызметі оңалту және банкроттық рәсімдерінің нәтижелілігін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады.

Осылайша, «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы борышкерлердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге, кредиторлардың құқықтарын қорғауға, экономикалық қатынастардың ашықтығын арттыруға және қаржылық қиындықтарға тап болған субъектілерге қатысты әділ әрі тиімді құқықтық тетіктерді қамтамасыз етуге бағытталған маңызды нормативтік құқықтық акт болып табылады.

 

 

Документы
Новости
Полезные материалы
2024
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Заң басқармасы
Берешектермен жұмыс басқармасы
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы