Меню

Страницы

Статья

ИС «Keden» жүйесінде алдын- ала шешімдерді қабылдау функционалының іске қосылуы

💠«Keden» ақпараттық жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жұмыстарды жалғастыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес Тауарларды сыныптау туралы алдын ала шешімдерді және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жиналмаған немесе бөлшектелген түрде, оның ішінде жиынтықталмаған немесе аяқталмаған түрде өткізілетін тауарларды сыныптау туралы шешімдерді қабылдауын (бұдан әрі – шешім) енгізу жөніндегі функционалды пайдалануға енгізеді.

2025 жылғы 28 шілдеден бастап шешімді қабылдауға өтініштерді беру және өңдеу «Keden» АЖ жүзегеде асырылатын болады.

💠Ағымдағы жылдың 25 шілдеде сағат 18:30-да «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» ақпараттық жүйесінде шешімдерді қабылдау өтініштердін қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз.

Өтінішті толтыру тәртібі мен жүйеде тіркелу жөніндегі нұсқаулықтар https://keden.kgd.gov.kz порталының басты бетінде, сондай-ақ арнайы құрылған Telegram-чатта – https://t.me/kedenkgdgovkz/63080 орналастырылған (өтініш берушіге арналған).

💠Назар аударыңыз! Тіркелу кезінде жарамды ұялы телефон нөмірлері мен электрондық пошта мекенжайын көрсету қажет. Бұл өтініш мәртебелері туралы хабарламаларды алу үшін маңызды.

Қосымша ақпарат пен кеңес алу үшін қолдау қызметіне жүгінуге болады:
 +7 7172 73 55 19
 +7 705 956 53 89
 e-mail: keden_support@kgd.minfin.gov.kz.
 Telegram арнасы: https://t.me/kedenkgdgovkz.

Дата публикации
24 июня 2022
Дата обновления
04 августа 2025
Тип
Инфографика

Сейчас читают

16 октября 2026
Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық
16 октября 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері
16 октября 2026
Статистика

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы