Меню

Страницы

Статья

Жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару

«Қазақстан Республикасындағы  Кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 345-бабына сәйкес халықаралық пошта жөнелтілімдерімен  (одан ары -ХПЖ) жіберілетіндерді қоспағанда, кедендік декларациялау кезінде мәлімделген жеке пайдалануға арналған тауарларды (одан ары –ЖПАТ)  Еуразиялық экономикалық одақтың (одан әрі -ЕЭО) кедендік аумағына әкелу және (немесе) ЕЭО  кедендік аумағында болу немесе ЕЭО кедендік аумағынан әкету мақсатына қарай мынадай тауарлар:

      - еркін айналымға;

      - әкету үшін;

      - ЕЭО кедендік аумағында уақытша болуы үшін;

     - ЕЭО кедендік аумағының шегінен тыс жерде уақытша болуы үшін шығарылуға жатады.

          Кедендік декларациялауға жататын ЖПАТ тауарларды еркін айналымға немесе әкету үшін шығаруды  кедендік төлемдер төленген және  заңға сәйкес тыйымдар мен шектеулер сақталған жағдайда кеден органдары жүргізеді. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы арқылы иесімен бірге жөнелтілетін багажда өткізілетін ЖПАТ тауарлар шығаруды кеден органы тиісті шоттарға жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты төленген кедендік төлемдердің сомалары есепке жатқызылғанға дейін жүргізеді. ХПЖ жіберілетін ЖПАТ тауарларды шығаруды кедендік төлемдер төленгенге дейін кеден органы жүргізеді.                                                                                                                Кедендік декларациялауға жатпайтын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізілетін ЖПАТ тауарлар еркін айналымға шығарылған немесе "жасыл" дәлізден шығу  сызығын не келу немесе кету орындарында кедендік операцияларды аяқтау сызығын кесіп өткен кезден бастап әкету үшін шығарылған деп есептеледі.                                                Санитариялық-карантиндік, ветеринариялық, карантиндік фитосанитариялық және мемлекеттік бақылаудың басқа да түрлеріне жататын жеке пайдалануға арналған тауарларды шығару мемлекеттік бақылаудың  тиісті түрі жүзеге асырылғаннан кейін жүргізіледі.

Дата публикации
18 марта 2022
Дата обновления
18 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық
16 октября 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері
16 октября 2026
Статистика

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы