2019 жылғы 2 сәуірдегі №241-VI «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен Салық кодексіне өзгерістер енгізілді.
Аталған өзгеріске сәйкес, үш құрамдасты интеграцияланған жүйе белгіленді. Үш құрамдасты интеграцияланған жүйе – деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасынан, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға арналған жүйеден (POS-Терминалдан), сондай-ақ тауарларды тіркейтін және есепке алатын автоматтандырылған жүйеден тұратын интеграцияланған жүйе болып табылады.
Қазіргі уақытта, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің бірыңғай тізіліміне 3 моделі(Trinity, Trinity 1.2, Prosklad.kz) енгізілді. Оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін (АСР) қолданатын жеке кәсіпкер осы көрсетілген бағдарламаларды пайдалана алады.
Осы орайда, Салық кодексінің 82 және 683 баптарында жүйені пайдаланудың мынадай артықшылықтары көзделген:
Үш құрамдасты интеграцияланған жүйеде салықтық есепке алу модулі бар. Тауарлардың қозғалысы, салық есептілігі және жалдамалы қызметкерлердің жалақысын қалыптастыруға болады. Бұл жүйе жеке кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін есепке алуын және орындауын жеңілдетуге арналған