ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрінің 03.10.2019ж. №1084 бұйрығына сәйкес тәуекелдерді басқару жүйесін қолдана отырып, электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің негізінде қосылған құн салығын әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жоба жүргізілуде. Мақсаты – салық төлеушілерге ЭШФ қайтарып алу жолымен салық заңнамасын бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды өздігінен жоюға мүмкіндік беру.