Кедендік әкімшілендіру бағыты бойынша мәліметтер
- 2021 жылы кедендік транзит рәсімін қолданумен, Қызылорда облысының аумағына -2 734 транзит декларациялары бойынша тауарлар әкелінді.
Оның 339 халықаралық жол тасымалдау құжатымен (ХЖТ кітапшасы бойынша) жеткізілген.
- 2021 жылда Департаменттің кеден бекеттерімен ресімделген барлық 4463 тауарларға арналған декларациялардың 2588 рұқсат беру құжаттарын ұсынумен жүзеге асырылған.
Рұқсат беру құжаттарының негізін, Сәйкестік, фитосанитарлық, ветеринарлық сертификаттары және карантиндік тексеру актісі құрайды.
- Рұқсат беру құжаттарының (Сәйкестік сертификатын) ұсынылмау себебі бойынша 2021 жылда, шартты түрде шығарылған тауарлардың жалпы саны 174 тауарларға арналған декларацияларды құраса, 1 қаңтарға бақылауда - 19 декларация тұр.
-СЭҚ қатысушылармен Қызылорда облысының аумағына әкелінетін тауарларға, кедендік бақылау жүргізілуімен уақытша сақтау орындарына орналастыру бағытында 4 уақытша сақтау қоймалары қызмет көрсетеді.
Тауарларды кедендік ресімдеулерден өткізу бағытында 12 кеден өкілдері СЭҚ қатысушыларға қызмет көрсетеді.
Оның, 2082 декларациясы алдын ала декларациялау амалымен ресімделіп, әкелінген тауарлардың алдын ала декларациялау үлесі – 70,6 % құрап отыр.