Мүліктік табыс-жеке тұлғалардың меншік құқығында болған объектілердің тіркелген уақыты бір жылдан кем болған жағдайда сатып алу – сату бағасының оң айырмасынан туындайды. Төмендегі меншік құқықтарын тіркеп, қайта сатудан болатын оң айырма мүліктік табыс ретінде мыналар есептелуге жатады:
Салық кодексінің 320-бабының 1-тармағында сәйкес, есептелуге жататын салық төлеушiнiң табыстарына 10 пайыздық мөлшерлеме бойынша салық салынады. Сондай-ақ, Салық кодексінің 364-бабына сәйкес, жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жеріндегi салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрiлмей табыс етілуі қажет.Ескеретін жағдай: үй сатып алу-сату (сыйға алу, мұрагерлікпен алу) шарттарын жасасқанда талап қою мерзімінің толық ұзақтығы бойынша, яғни салық Кодексінің 48-бабына сәйкес, талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде құқықтық белгілеу шарттарын сақтау қажет. Сонымен бірге, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді уақытылы төлемеу өсімпұлдардың есептелуі мен салық есептілігін уақытылы тапсырмау ҚР ӘҚБтК-нің 272-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеп соғады.