«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 424-бабы 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығын төлеуші, қосылған құн салығы бойынша декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті салықтық кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей әрбір салықтық кезең үшін ұсынуға міндетті.
69-бабының 4-тармағына және 114-бабына сәйкес салық есептілігін уақытында ұсыну және салық төлеушілерге Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігін табыс етпегені үшін шаралар жүргізіледі.
114-бабы 2) тармағының 5) тармақшасына сәйкес, қосылған құн салығы бойынша салықтық есептілігін ұсынылмауы туралы хабарламаны жіберу мерзімі осы Кодексте белгіленген ұсыну мерзімінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
Салық есептілігін мерзімінде ұсынбау, әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырады.