2020 жылдың 10 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»№382-VI Заңына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңына енгенөзгерістербойынша
ЭШФ жазып беру
Салық кодексінің 412-бабы 1-тармағының 7), 8) және 9) тармақшаларымен толықтыру
2021 жылғы 1 сәуірден бастап қолданылады
ЭШФ жазып беруге міндетті салық төлеушілердің тізбесі мынадай санаттармен толықтырылады:
мұндай салық төлеушілерге ЭШФ АЖ «Виртуалды қойма» модуліне келіп түскен тауарларды өткізген жағдайда ҚҚС төлеуші болып табылмайтын салық төлеушілер;
құны 1 000 еселенген АЕК мөлшерінен асатын азаматтық-құқықтық мәміле бойынша резидент заңды тұлғалар (ММ және мемлекеттік орта білім беру ұйымдарын қоспағанда), Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, дара кәсіпкерлер, ҚҚС төлеуші ретінде тіркелмеген жеке практикамен айналысатын адамдар.
Салық төлеушілер-жүктерді халықаралық тасымалдау қызметтері бойынша.
ҚҚС әкімшіліктендіру
Салық Кодексінің 83-бабы 1-тармағын толықтыру.
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
ҚҚС бойынша тарату декларациясын ұсыну бойынша салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету үшін салық органының шешімі бойынша тіркеу есебінен шығару кезінде ҚҚС бойынша тарату декларациясын ұсыну бойынша салық міндеттемесі орындалған жағдайда ҚҚС бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою көзделген.