Меню

Страницы

Статья

Электронды шот-фактуралар

Электронды шот-фактура!

    Электронды шот-фактура - (бұдан әрі - ЭШФ) ЭШФ ақпараттық жүйесі арқылы босатылған, 2017 жылдың 25 желтоқсанындағы «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 412 тармағының 3 тармақшасында бекітілген (бұдан әрі – Салық Кодексі) талаптарға және ЭШФ электронды түрде босату ережелерімен сай босатылған құжат.

     ЭШФ-ны электронды сандық қолтаңба арқылы расталады (бұдан әрі – ЭҚТ). Электронды құжаттың сенімділігі, оның құзыреттілігі мен мазмұнны өзгермейтіндігі туралы растайды.

       Электрондық шот-фактураны жазу, жөндеу, алу, тіркеу, өңдеу, жеткізу және сақтау ЭШФ ақпараттық жүйесінде атқарылады.

       Шот-фактурарды электронды түрде жазып беру мерзімдері Салық кодексінің 413 бабына сәйкес жүзеге асырылады. Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің түрлеріне қарай шот-фактурарды жазып беру мерзімдері әр түрлі болып келеді. Шот-фактурар келесі мерзімдерге сәйкес жазып беріледі:

     1) электр және (немесе) жылу энергиясын, суды, газды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді, байланыс қызметтерін, теміржол көлігімен тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, әуе көлігімен жолаушыларды, багаж бен жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, көлік экспедициясы шарты бойынша көрсетілетін қызметтерді, вагондар (контейнерлер) операторының көрсетілетін қызметтерін, магистральдық газ құбыржолдарын қоспағанда, магистральдық құбыржолдар жүйесі арқылы жүктерді тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді, жүйелік оператор көрсететін жүйелік қызметтерді, кредит (қарыз, микрокредит) беру бойынша көрсетілетін қызметтерді, қосылған құн салығы салынатын банк операцияларын өткізу кезінде, сондай-ақ Салық кодексінің 436-бабының 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға бір жыл немесе одан көп мерзімге жасалған шарттар бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде – тауарлар жеткізілген, қызметтер көрсетілген айдың қорытындысы бойынша осындай тауарлар, көрсетілетін қызметтер бойынша өткізу жөніндегі айналымды жасау күні тура келетін айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей;

       2) тауарлар экспорт кедендік рәсімімен орналастырыла отырып әкетілген жағдайда, шот-фактура өткізу бойынша айналымды жасау күнінен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей;

       3) есепке жазылған сыйақы сомасы бөлігінде мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде – қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берілетін тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей күнтізбелік тоқсанның қорытындылары бойынша;

      3-1) сәйкестендірілген тауарлардың сатып алушының билігіне берілгенін растайтын тауарға билік ету құжаттарының негізінде тауарлар өткізілген кезде – осындай тауарлар бойынша өткізу жөніндегі айналымды жасау күні тура келетін айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей;

       4) қалған жағдайларда – өткізу бойынша айналымды жасау күнінен ерте емес және осындай күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.

       2. Салық кодексінің 412-бабы 14-тармағының талаптарын орындау мақсатында шот-фактураны жазып беру айналымды жасау күні немесе одан кейін, бірақ Салық кодексінің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі шегінде жүзеге асырылады.

     3. Түзетілген шот-фактура бұрын жазып берілген шот-фактураға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет болған кезде жазып беріледі.

      4. Қосымша шот-фактураны жазып беру мерзімдері Салық кодексінің 420-бабында сәйкес айналым жасалған күннен ерте емес және көрсетілген айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей жазып беріледі.

      Салық кодексінің 197-бабының талаптары сақталмаған кезде қосымша шот-фактураны лизинг беруші осындай жағдай басталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде жазып береді.

        Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды экспорттау мен импорттау, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде шот-фактуралар Салық кодексінің 453 бабына сәйкес келесі мерзімдерде жазып беріледі:

       Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың экспорты жағдайында шот-фактура:

        - қағаз жеткізгіште – өткізу бойынша айналым жасалған күннен ерте емес және айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмей;

      - электрондық нысанда – өткізу бойынша айналым жасалған күннен ерте емес және айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірілмей жазып беріледі.

        Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына қайта өңдеу өнімдерін кейіннен басқа мемлекеттің аумағына әкету үшін әкелінген алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстарды орындаған жағдайда, шот-фактура алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу жөніндегі жұмыстардың орындалғандығын растайтын құжатқа қол қойылған күні жазып беріледі.

      Импорттаушы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарларды өткізген кезде шот-фактура электронды түрде салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей жазып беріледі.

       Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V ҚРЗ Кодексінің «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» (бұдан әрі – ӘҚБК) 180-1 тармағымен қарастырылған, шот-фактураларды рәсімдеу тәртібін бұзғаны үшін сондай-ақ тізімге енгізілген тауарлардың қозғалыс есебін бұзған жағдайда әкімшілік тәртіпке тартылады:

           1.Салық төлеушінің шот-фактураны электронды түрде бермеуі - ескертуге әкеп соғады.

         2.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет - шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - жүз мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін - жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

           3.Салық төлеушінің мерзімін бұза отырып, электронды түрде шот-фактура беруі - ескертуге әкеп соғады.

         4.Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет - шағын кәсіпкерлік субъектілеріне - жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне - елу мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. , ірі кәсіпкерлік субъектілеріне - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Дата публикации
12 февраля 2021
Дата обновления
12 февраля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық
16 октября 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері
16 октября 2026
Статистика

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы