1 тоқсан 2026 жылы өндірістік емес төлемдер бойынша жоспар 115,5% орындалып, 1 млрд.тг артығымен қамтамасыз етілді (жоспар 6,7 млрд.тг, нақты 7,7 млрд.тг), түсімнің өсу қарқыны 107 % құрап, өткен жылдан 0,5 млрд.тг артты (2025ж– 7,2 млрд.тг).
Қосымша резервтер
Бюджет түсімдерін арттыру мақсатында ЖБ бойынша 1-ші тоқсанда өндірістік емес төлемдерден 57,2 млн. тг қосымша түсім өндірілді. Оның ішінде:
Жер салығы бойынша салық есептіліктерінде салық салу объектісінің көлемі азайтылған немесе салық салу объектісі бола отырып, салық есептілігін нольмен тапсырған, салық салу ставкаларын дұрыс қолданбаған салық төлеушілерге жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде бюджетке 1,1 млн.тг қосымша есептеліп, бюджетке түсті.
Әкімшілік полиция мәліметтеріне сәйкес жүргізілген бақылау нәтижесінде, заңды тұлғаның көлік құралдары салығынан 1,3 млн теңге қосымша түсім түсті.
Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің салық есептіліктерін уәкілетті органдардың мәліметтерімен салыстыру арқылы жүргізілген камералдық бақылау жұмыстарының нәтижесінде 47 млн.тг қосымша түсім бюджетке өндірілді.
Жер учаскелерін жалға алған тұлғалар бойынша жүргізілген камералдық бақылау нәтижесімен 0,5 млн.теңге қосымша түсім бюджетке өндірілді.
Жеке тұлғалардың берешегі бойынша
Жеке тұлғалардың бересі сомасы 1 сәуір 2026 жылға 320 млн.теңгені құрайды.
Қарыздың негізгі бөлігін жеке тұлғалардың көлік құралы салығы 285 млн.тг құрайды.
Өткен жылмен салыстырғанда бересі 65 млн.тг көбейген. ( 01.04.2025ж-255 млн.тг,01.04.2026ж320 млн.тг)