Меню

Страницы

Статья

Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады

        2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап банктік шотқа, төлем құралына немесе сәйкестендіру құралына қолжетімділікті заңсыз беру және сатып алу үшін қылмыстық жауапкершілік көзделеді.

          Еске салайық, дроппер – алаяқтар ұрланған немесе заңсыз жолмен алынған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланатын адам. Дроппер жалған тұлға ретінде әрекет етеді: оның атына банк карталары рәсімделіп, сол арқылы ақша аударылады және қолма-қол шешіп алынады. Сондай-ақ дропперлер өзге де алаяқтық схемаларға, оның ішінде бөгде банктік шоттарды пайдалануға байланысты әрекеттерге тартылуы мүмкін.

            Қолданыстағы заңнамада дропперлерді қылмыстық жауапкершілікке тартуға нақты құқықтық негіз болмаған. Қазіргі уақытта дропперлер көбіне куәгер ретінде өтеді, ал қасақана ниет дәлелденген жағдайда – алаяқтық бойынша сыбайлас ретінде жауапқа тартылады.

            ҚР ҚК-не 232-1-бап енгізілді – «Банктік шотқа, төлем құралына немесе сәйкестендіру құралына қолжетімділікті заңсыз беру, табыстау және сатып алу, сондай-ақ төлемдер мен ақша аударымдарын заңсыз жүзеге асыру».

Өзінің банктік шотына, төлем құралына немесе сәйкестендіру құралына үшінші тұлғаға сыйақы үшін заңсыз қолжетімділік бергені үшін 160 АЕК-ке дейін айыппұл көзделген (2025 жылы – 629 120 теңге).

Айыппұл қоғамдық жұмыстарға немесе 50 тәулікке дейін қамауға алумен алмастырылуы мүмкін, сондай-ақ мүлікті тәркілеу қарастырылған.

Сонымен қатар, заңға енгізілген түзетулерде ауырлататын мән-жайлар көзделген. Мысалы, егер дроппер банктік шотын бергені үшін «елеулі» сыйақы алған болса, айыппұл мөлшері 3 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылуы мүмкін (2025 жылы – 11 796 000 теңге), не болмаса 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Енді дропперлерге мынадай жазалар қаупі төнеді:

  • 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру – өзінің банктік шотына қолжетімділікті заңсыз бергені үшін;
  • 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру – үшінші тұлғалардың мүддесінде ақша аударымдары мен төлемдерді тікелей жүзеге асырғаны үшін;
  • 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру – «дроповодтар» деп аталатын, яғни банктік шоттарға қолжетімділікті қылмыстық мақсатта сатып алатын тұлғалар үшін.

Сонымен қатар жаңа бапта ескерту бар: осы бапта көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған, бұл туралы өз еркімен хабарлаған, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықты ашуға немесе оның жолын кесуге белсенді түрде ықпал еткен тұлға, егер оның әрекеттерінде өзге қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмаса, қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

 

Дара кәсіпкерлерді әкімшілендіру
бөлімінің бас маманы
Е. Аймаханов

Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы

Дата публикации
26 мая 2026
Дата обновления
26 мая 2026
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық
16 октября 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері
16 октября 2026
Статистика

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы