Меню

Страницы

Статья

Салық төлеушілердің назарына!

         Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 258-бабына сәйкес салық агенттері мен дара кәсіпкерлердің зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды есептеу, ұстап қалу әрі уақытылы аудару міндеттемелерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.   

         Сонымен қатар, қызметкерлердің зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтінгін анықтау, мамандықтардың тиісті тізбеге сәйкестігін немесе тізбеден шығарылуына қатысты мәселелері, сондай-ақ жарналарды төлемеу әрекеттерінің заңдылығын бағалау кірістер органдарының құзыретіне кірмейді. Яғни, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс жасағандығы және тізбеге сәйкестігі нақтыланып, төлеуі міндеттелген жағдайда ғана кірістер органдары тиісті шараларын  қолдана алады.

        Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 250-бабы мен Еңбек кодексінің 192-бабына сәйкес ұйым қызметкерлерінің лауазымдарының бекітілген тізімге сәйкестігі, өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелері еңбек инспекциясы арқылы айқындалады.

       Осыған байланысты, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының төленуіне қатысты сұрақтар туындаған жағдайда азаматтарға алдымен жұмыс берушіге жүгіну ұсынылады. Мәселе шешілмеген жағдайда тұрғылықты жері бойынша еңбек инспекциясына өтініш жасауға болады.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
30 апреля 2026
Дата обновления
30 апреля 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық
16 октября 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері
16 октября 2026
Статистика

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы