Меню

Страницы

Статья

2026 жылдан бастап ҚҚС қайтарудың жеңілдетілген тәртібі

2026 жылдан бастап ҚР жаңа Салық кодексімен ҚҚС-ты оңайлатылған қайтару құқығы қолданыстағы нормалардан айырмашылығы барлық экспорттаушыларға берілді, олар бойынша ҚҚС қайтарудың оңайлатылған тәртібін салық төлеушілердің жекелеген санаттары ғана қолданады: бекітілген тізбелерге енгізілген ірі кәсіпорындар, өндірушілер мен экспорттаушылар. ҚҚС-ты оңайлатылған тәртіппен қайтару тексеру жүргізілмей 15 жұмыс күні ішінде, бір мезгілде мынадай шарттар сақталған кезде жүзеге асырылатын болады: 1) қайтару туралы талап берілген күні орындалмаған хабарламалардың болмауы; 2) талап берілген күннің алдындағы 12 ай үшін салықтық тексеру нәтижелері бойынша қайтаруға расталған ҚҚС асып кету сомасының болуы. Қайтару сомасын айқындау салықтық тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылатын болады, бұл ретте негізгі бағдар алдыңғы салықтық тексерулердің нәтижелері болады. ҚҚС қайтару бойынша тексеру тәртібі де өзгереді. Егер бұрын “Пирамида” есебі ҚҚС қайтарудан бас тартуға әкеп соқтырған бүкіл жеткізу тізбегіндегі бұзушылықтарды анықтау үшін пайдаланылса, онда жаңа жылдан бастап бұл есеп тәуекелді аймақтарды анықтау құралы ретінде қолданылатын болады. Анықталған тәуекелдер бойынша қарсы тексерулер тағайындалады және тікелей жеткізушілерде бұзушылықтар расталған жағдайда ғана дебеттік сальдо сомалары қайтаруға расталмайды. ҚҚС асып кетуін қайтару ережесі ҚР Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 30 қазандағы № 649 бұйрығымен бекітілген.

Дата публикации
31 марта 2026
Дата обновления
31 марта 2026
Тип

Сейчас читают

16 октября 2026
Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық
16 октября 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері
16 октября 2026
Статистика

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы