Меню

Страницы

Статья

A ban on the export of gasoline, diesel fuel and certain types of petroleum products has been introduced

2025 жылғы 20 қарашадан бастап 2026 жылғы 20 мамырға дейінгі кезеңге Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге:

1) майлау майларын (2710 19 820 0, 2710 19 840 0, 2710 19 860 0, 2710 19 880 0, 2710 19 920 0, 2710 19 940 0, 2710 19 980 0, 3403 19 900 0, 3403 91 000 0 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары) қоспағанда, дайындаушы зауытта көзделген автомобиль көлік құралдарының отын бактарында, тәулігіне бір реттен артық емес, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органмен келісілген және жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізуге уәкілетті ұйыммен шарт және осы мақсаттар үшін қажетті авиациялық отын үлгілерінің (сынамаларының) саны мен көлемі көрсетілген хат болған жағдайда авиациялық отынды (реактивті қозғалтқыштарға арналған отынды) өнеркәсіптік өндіріске қою, өнеркәсіптік өндіру технологиясын бекіту және (немесе) қайта бекіту мақсатында тәжірибелік-өнеркәсіптік партиядан алынған үлгілердің  қоспаларын, біліктілік және зертханалық сынақтарын іріктеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін авиациялық отынды әкетуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде мұнай өнімдерін әкетуді қоспағанда, автомобиль көлігімен бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін (2709 00, 2710, 2902, 3403, 3811, 3826 00 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары);

2) «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
18-бабы 7-тармағына сәйкес бекітілетін беру жоспарына сәйкес  бензиндерді (2710 12 412 0, 2710 12 413 0, 2710 12 450 0, 2710 12 490 0 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде  мұнай өнімдерін әкетуді қоспағанда, мұнай өнімдерін (2710 12 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтар) темір жол көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін;

  1. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 30 маусымға дейінгі мерзімге Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасының аумағынан жеңіл дистилляттарды (2710 12 110 1 – 2710 12 310 0, 2710 12 700 0 – 2710 12 900 8 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары), авиакеросиндерді және дизель отынын (2710 19 110 0 – 2710 19 460 0 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары), газойлдарды (2710 20 110 0 – 2710 20 190 0 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары), толуолды, ксилолдарды (2902 30 000 0, 2902 41 000 0, 2902 42 000 0, 2902 44 000 0 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары), мұнай битумын (2713 20 000 0 Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.
Дата публикации
03 декабря 2025
Дата обновления
03 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық
16 октября 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері
16 октября 2026
Статистика

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы