Меню

Страницы

Статья

Жолаушылар кедендік декларациясын қажет ететін тауарлар

Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Жолаушылар кедендік декларациясы – бұл Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу кезінде жеке тұлғалар толтыратын құжат екенін хабарлайды.

Декларацияны тапсырудың келесі жолдары бар:
- Электрондық үкімет порталы eGov.kz;
- e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы.

Жеке тұлғалар жолаушылар кедендік декларациясын тапсырады. Қызмет тегін көрсетіледі. Қызмет көрсету мерзімі-жолаушылар кедендік декларациясы тіркелген сәттен бастап 4 сағат жұмыс уақыты ішінде.

Жолаушылар кедендік декларациясы қажет тауарларға мыналар жатады:
- 10 000 АҚШ долларына баламалы сомаға ақша (бағам шекарадан өткен күні ескеріледі);
- жеке автокөлік құралдары;
- бағалы материалдар;
- мәдени құндылықтар;
- жануарлар мен өсімдіктер;
- қару және есірткі заттары.
ЕАЭО аумағына әкелу кезінде саны мен құны бажсыз әкелу нормасынан асатын тауарлар да міндетті декларациялауға жатады.
Жеке тұлғалар үшін тауарларды декларацияламағаны үшін әкімшілік, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілік белгіленген.

Дата публикации
07 апреля 2025
Дата обновления
07 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық
16 октября 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері
16 октября 2026
Статистика

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы