Қызылорда қаласы әкімінің 2024 жылғы 12 наурызда бекітілген салық салу базасын кеңейту жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес салықтық түсімдердің сапалы орындалуы және кіріс көздерін ұлғайту мақсатында кент және ауылдық округтер әкімдерімен кездесу өткізілді.
Басқосуда - кәсіпкерлік нысандарынан түсетін салық көлемі, жеке тұлғалардың көлік, мүлік салықтары бойынша қалыптасқан берешегін өндіру, салық төлеушінің уақытылы салық міндеттемелерінің орындалуы туралы талқыланды.
Жиын соңында Қызылорда қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Фердоуси Әбілқасымұлы “Өңірде тиімді салық саясатын жүргізу, қаламыздың қаржы қазанына түсімдердің толықанды түсуін нәтижелі ұйымдастыру - басты міндетіміз. Салық базасын ұлғайту бағытында кент, ауылдық округтердің әкімдері және кірістер органдары арасында өзара бірлескен жұмыс жүргізілгенде ғана көрсеткіш нәтижелі болады “, - деп атап өтті.