Меню

Страницы

Статья

Жадынама

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғаларды жолаушылар кедендік декларациясы бойынша декларациялауды оңайлату мақсатында "E-salyk Azamat" мобильді қосымшасында модуль әзірледі, оның көмегімен жеке тұлғалардың орналасқан жеріне қарамастан мобильді құрылғы арқылы жолаушылар кедендік декларациясын тапсыру мүмкіндігі бар.

Мобильді қосымшада әзірленген модуль жеке тұлғалардың халықаралық пошта жөнелтілімдерінде тасымалданатын жеке пайдалануға арналған тауарларды және тасымалдаушылар жеткізетін тауарларды, сондай-ақ қолма-қол ақша қаражаттары мен ақша құралдарын декларациялауға арналған.

E-salyk Azamat мобильді қосымшасында жолаушы кедендік декларациясы негізінде жеке тұлғаларды декларациялау үшін Сізге E-salyk Azamat мобильді қосымшасын орнату қажет. Бұл ретте негізгі мәзірде «Декларацияны тапсыру» ішкі жүйесі арқылы «Декларацияны тапсыру» бөліміне кіру, «Жолаушы кедендік декларациясы» декларация түрін таңдау қажет.

Бұл қызмет жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау рәсімін едәуір жылдамдатуға және жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Дата публикации
10 августа 2023
Дата обновления
10 августа 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

16 октября 2026
Азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық
16 октября 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері
16 октября 2026
Статистика

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы