Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 24 наурыздағы № 118 бұйрығына сәйкес қосымшаға сәйкес мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге тыйым салынған.
|
ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы № 118 бұйрығымен |
Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерлерге Қазақстан Республикасынан экспорттауға тыйым салынған немесе шектелген мұнай өнімдерінің тізбесі
|
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды* |
Позиция атауы |
|
2710 12 110 1 – 2710 12 310 0 |
жеңіл дистилляттар |
|
2710 19 110 0 – 2710 19 460 0 |
авиакеросиндер және дизель отыны |
|
2710 20 110 0 – 2710 20 190 0 |
газойлдар |
|
2902 30 000 0 |
толуол, ксилолдар |
|
2713 20 000 0 |
мұнай битумы |
* Осы тізбені қолдану мақсаттары үшін тауарлар тек Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтарымен ғана айқындалады. Позиция атауы пайдалану ыңғайлылығы үшін ғана берілген.